Ғылыми әдептің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 20 қарашадағы № 529 бұйрығы
«Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 25) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 177-24) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған ғылыми әдептің үлгілік қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін вице-министрге жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.