«Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2026 жылғы 26 мамырдағы № 55 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

 «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2026 жылғы 26 мамырдағы № 55 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларында:

3-тармақтың 1), 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«мемлекеттік мүлік тізілімнің веб-порталы (бұдан әрі - тізілімнің веб-порталы) - www.e-qazyna.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналасқан, мемлекеттік кәсіпорындарға цифрлық деректер базасына бірыңғай қол жеткізу нүктесін беретін интернет-ресурс;

2) «цифрлық үкіметтің» шлюзі - «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерін өзге де цифрлық объектілермен интеграциялауға арналған цифрлық объект;

3) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы);»;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.