«Мекемеде мәжбүрлеп емдеуде жатқан психикалық науқастың пайдалануы үшін жеке және заңды тұлғалардан түсетін ақшаны, оның ішінде жіті байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялық мекеменің қолма-қол ақшасын бақылау шотына есепке алынатын зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 182 бұйрығы (күші жойылды)

Мекемеде мәжбүрлеп емдеуде жатқан психикалық науқастың пайдалануы үшін жеке және заңды тұлғалардан түсетін ақшаны, оның ішінде жіті байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялық мекеменің қолма-қол ақшасын бақылау шотына есепке алынатын зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 182 бұйрығы

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 6 қазандағы № ҚР ДСМ-115/2020 бұйрығымен күші жойылды

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 121-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Мекемеде мәжбүрлеп емдеуде жатқан психикалық науқастың пайдалануы үшін жеке және заңды тұлғалардан түсетін ақшаны, оның ішінде жіті байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялық мекеменің қолма-қол ақшасын бақылау шотына есепке алынатын зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалану қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Қаржы департаменті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

2015 жылғы 31 наурыздағы

№ 182 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.