Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамы туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 1 қазандағы № 174 өкімі
(2026.13.01. берілген өзгерістермен)
1. Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 30 маусымдағы № 3985 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі туралы ереженің 11-тармағына сәйкес қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамы бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 4071 өкімінің күші жойылды деп танылсын.
| Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. Тоқаев |
ҚР Президентінің 2025.23.06. № 225 Өкімімен дербес құрамы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Президентінің 2026.08.01. № 1152 Жарлығымен дербес құрамы өзгертілді (2026 ж. 13 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2024 жылғы 1 қазандағы
№ 174 өкімімен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Шетелдік инвесторлар кеңесінің
ДЕРБЕС ҚҰРАМЫ
| Қазақстан тарапынан Кеңес мүшелері: | ||
| Бектенов Олжас Абайұлы | - | Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
| Сүлейменов Тимур Мұратұлы | - | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы |
| Скляр Роман Васильевич | - | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары |
| Қойшыбаев Ғалымжан Тельманұлы | - | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Үкімет Аппаратының Басшысы |
| Жұманғарин Серік Мақашұлы | - | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрі |
| Бозымбаев Қанат Алдабергенұлы | - | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары |
| Мәдиев Жаслан Хасенұлы | - | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі |