«Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2026 жылғы 24 маусымдағы № 242 бұйрығы

Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2026 жылғы 24 маусымдағы № 242 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды жою департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Төтенше жағдайлар министрі

2026 жылғы 24 маусымдағы

№ 242 бұйрығына

қосымша

 

 

Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

 

1. «Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларын дайындау бойынша бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 235 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10772 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағы 37) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының құтқарушыларын даярлау бағдарламасында:

1-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.