Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы
үлгі ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 11 маусымдағы № 789 қаулысы
(2010.15.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 18 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2005.01.12. № 1179 Қаулысымен тақырыб өзгертілді (бұр.ред.қара)
Кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтарының және қараусыз қалуының алдын алу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау проблемаларын кешенді шешуді іске асыруға бірыңғай мемлекеттік көзқарасты жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2005.01.12. № 1179 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия туралы үлгі ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының