Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бизнес-әріптестер тізілімімен интеграциялауға жататын ақпараттандыру объектілерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 26 мамырдағы № 342 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 17 шілдедегі № 603 Қаулысымен күші жойылды
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 25-1-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бизнес-әріптестер тізілімімен интеграциялауға жататын ақпараттандыру объектілерінің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.