«Ерейментау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 8С-12/2-23 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 11 сәуірдегі № 8С-19/2-24 шешімі

Ерейментау аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 8С-12/2-23 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 11 сәуірдегі № 8С-19/2-24 шешімі

 

Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Ерейментау аудандық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 8С-12/2-23 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

«1. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет осы шешімнің тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 4 793 274,2 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер - 1 695 011,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 45 538,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 176 228,0 мың теңге;

трансферттердің түсімдері - 2 876 497,2 мың теңге;

2) шығындар - 4 848 330,3 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 17 871,0 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 36 920,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 19 049,0 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо - 0,0 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 0,0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - -72 927,1 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 72 927,1 мың теңге.»;

7-1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

«7-1. 2024 жылға арналған аудандық бюджетте заңнамада белгіленген тәртіппен 2024 жылдың 1 қаңтарына қалыптасқан 311 575,1 мың теңге сомасында бюджет қаражатының бос қалдықтары пайдаланылатыны ескерілсін.»;

көрсетілген шешімнің 1, 5, 6-қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

2. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ерейментау аудандық мәслихатының төрағасы

М. Әбжіков

 

Ерейментау аудандық мәслихатының

2024 жылғы 11 сәуірдегі

№ 8С-19/2-24 шешіміне

1-қосымша

 

Ерейментау аудандық мәслихатының

2023 жылғы 22 желтоқсандағы

№ 8С-12/2-23 шешіміне

1-қосымша

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.