«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2025 жылғы 31 шілдедегі № 190-НҚ бұйрығы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2025 жылғы 31 шілдедегі № 190-НҚ бұйрығы

 

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Жерасты сулары департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Су ресурстары және ирригация министрінің

міндетін атқарушы

 

 

Е. Ибрайханов

 

Қазақстан Республикасы

Су ресурстары және

ирригация министрінің

міндетін атқарушы

2025 жылғы 31 шілдедегі

№ 190-НҚ бұйрығына қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының

тізбесі

 

1. «Суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізуге арналған заттай нормаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 27 мамырдағы № 19-5/477 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11525 болып тіркелген).

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.