«Жетісу облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 13-42 «Жетісу облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Жетісу облыстық мәслихатының 2024 жылғы 16 шілдедегі № 18-112 шешімі

Жетісу облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 13-42 «Жетісу облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Жетісу облыстық мәслихатының 2024 жылғы 16 шілдедегі № 18-112 шешімі

 

Жетісу облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Жетісу облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 13-42 «Жетісу облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 177077 тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Жетісу облыстық мәслихатының

2024 жылғы 16 шілдедегі

№ 18-112 шешіміне қосымша

 

Жетісу облыстық мәслихатының

2022 жылғы 14 желтоқсандағы

№ 13-42 шешіміне қосымша

 

 

Жетісу облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидалары

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Жетісу облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 10886 тіркелген) Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларына сәйкес әзірленді және құқықтық мәртебесі мен шаруашылық қызмет нысандарына қарамастан, барлық заңды тұлғалар, жеке тұлғалар, сондай-ақ аула және қоғамдық аумақтарды абаттандыруға жауапты лауазымды адамдар үшін қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру тәртібін айқындайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.