(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚҰРЫЛЫСЫ АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТАР ҚЫЗМЕТІНІҢ БА...

Құрылысы арнайы экономикалық аймақтар қызметінің басым түрлерін жүзеге асыруға арналған арнайы экономикалық аймақтар мен объектілер қызметінің басым түрлерінің тізбелерін, сондай-ақ Қызметтің басым түрлерін арнайы экономикалық аймақтар қызметінің басым түрлерінің тізбесіне және құрылыс объектілерін құрылысы арнайы экономикалық аймақтар қызметінің басым түрлерін жүзеге асыруға арналған объектілер тізбесіне қосу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 20 қаңтардағы № 10 Қаулысы

(2017.06.10. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2018 жылғы 12 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 150-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) арнайы экономикалық аймақтар қызметінің басым түрлерінің тізбесі;

2) құрылысы арнайы экономикалық аймақтар қызметінің басым түрлерін жүзеге асыруға арналған объектілер тізбесі;

3) Қызметтің басым түрлерін арнайы экономикалық аймақтар қызметінің басым түрлерінің тізбесіне және құрылыс объектілерін құрылысы арнайы экономикалық аймақтар қызметінің басым түрлерін жүзеге асыруға арналған объектілер тізбесіне қосу қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

ҚР Үкіметінің 2017.06.10. № 624 Қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2017 жылғы 20 қаңтардағы

№ 10 қаулысымен бекітілген

 

 

Арнайы экономикалық аймақтар қызметінің басым түрлерінің

 тізбесі

«Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы

 

1) Өзге де металл емес минералдық өнiм өндiру;

2) машиналар мен жабдықтарды жасау;

3) тұрмыстық электр аспаптарын жасау;

4) резеңке және пластмасса бұйымдарын жасау;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.