(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «2019-2021 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТ ТУРАЛЫ»...

2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 25/280-VI шешімі

(2019.10.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2019 жылғы 5 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 75-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019.15.02. № 27/302-VI шешімімен (бұр.ред.қара); 2019.12.04. № 29/313-VI шешімімен (бұр.ред.қара); 2019.14.06. № 30/329-VI шешімімен (бұр.ред.қара); 2019.10.09. № 33/346-VI шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2019 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 315 950 156,4 мың теңге:

салықтық түсімдер - 40 486 910,4 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 3 726 771,7 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 5 550,5 мың теңге;

трансферттердің түсімдері - 271 730 923,8 мың теңге;

2) шығындар - 318 354 205,8 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 11 269 357,4 мың теңге:

бюджеттік кредиттер - 21 351 238,8 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 10 081 881,4 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 50 000,0 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу - 50 000,0 мың теңге;

мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер - 0,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - -13 723 406,8 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 13 723 406,8 мың теңге:

қарыздар түсімі - 18 930 373,0 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 8 742 011,0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 3 535 044,8 мың теңге.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.