«Әлеуметтік қызметкерлердің кәсіптік мінез-құлық әдебі нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 333 бұйрығы

Әлеуметтік қызметкерлердің кәсіптік мінез-құлық әдебі нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 333 бұйрығы

 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 25 сәуірдегі № 124 бұйрығымен күші жойылады

 

Қазақстан Республикасының «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңның 16-бабы 3-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік қызметкерлердің кәсіптік мінез-құлық әдебі нормалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.Д. Оспановқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

 Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрі

 

 

Т. Дуйсенова

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Оқу-ағарту министрлігі

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрі

2022 жылғы 27 тамыздағы

№ 333 бұйрығымен бекітілген

 

 

Әлеуметтік қызметкерлердің кәсіптік мінез-құлық әдебі

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.