«Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 25 шілдедегі № 289 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 106 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 25 шілдедегі № 289 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9682 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық және штаттық ұлттық командаларының, Қазақстан Республикасының командаларының және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың командаларының құрамын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы»;
бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық және штаттық ұлттық командаларының, Қазақстан Республикасының командаларының және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың командаларының құрамын қалыптастыру қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық және штаттық ұлттық командаларының, Қазақстан Республикасының командаларының және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың командаларының құрамын қалыптастыру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.