«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 13 маусымдағы № 389 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген 5-қосымшада:
реттік нөмірі 3-жолда:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«
»;
ескертпелерде:
7-тармақ алып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген 11-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген 13-қосымшада:
реттік нөмірі 2-жолда:
7) тармақша алып тасталсын.
2. Осы қаулы 2022 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 13 маусымдағы
№ 389 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1193 қаулысымен
бекітілген 11-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі органдары жүйесінің азаматтық қызметшілеріне, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдарының жұмыскерлеріне, қазыналық кәсіпорындарының жұмыскерлеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар