«Нысанды киімнің үлгілерін, нысанды киім киюге құқығы бар мемлекеттік кірістер органдары жұмыскерлерінің тізбесін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын және айырым белгілерін, сондай-ақ оны тағып жүру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 168 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 8 тамыздағы № 431 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Нысанды киімнің үлгілерін, нысанды киім киюге құқығы бар мемлекеттік кірістер органдары жұмыскерлерінің тізбесін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын және айырым белгілерін, сондай-ақ оны тағып жүру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 168 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16435 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабы 5-тармағына және «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-5-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік кірістер органы қызметкерлерінің нысанды киім үлгілері осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген нысанды киімді киіп жүруге құқығы бар мемлекеттік кірістер органы қызметкерлерінің тізбесі осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік кірістер органы қызметкерлерін нысанды киіммен қамтамасыз етудің заттай нормалары осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік кірістер органы қызметкерлерінің нысанды киімінің айырым белгiлерi осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Осы бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кірістер органы қызметкерлерінің нысанды киімді киіп жүру қағидалары осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.