«Нысанды киімнің үлгілерін, нысанды киім киюге құқығы бар мемлекеттік кірістер органдары жұмыскерлерінің тізбесін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын және айырым белгілерін, сондай - ақ оны тағып жүру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 168 бұйрығы (2025.24.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Нысанды киімнің үлгілерін, нысанды киім киюге құқығы бар мемлекеттік кірістер органдары жұмыскерлерінің тізбесін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын және айырым белгілерін, сондай - ақ оны тағып жүру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 168 бұйрығы

(2025.24.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Қаржы министрінің 2024.29.08. № 591 бұйрығымен (2024 ж. 15 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Қаржы министрінің м.а. 2025.08.08. № 431 бұйрығымен (2025 ж. 24 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабы 5-тармағына және «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-5-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің нысанды киім үлгілері;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысанды киімді киіп жүруге құқығы бар мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің тізбесі;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерін нысанды киіммен қамтамасыз етудің заттай нормалары;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің нысанды киімінің айырым белгiлерi;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің нысанды киімді киіп жүру қағидалары бекітілсін.

2. Бекітілген нормаларды іске асыру тиісті қаржылық жылға бөлінген қаражат шегінде жүргізілсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.