«Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы» Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 18 шілдедегі № 10 Қаулысы (2021.27.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Предыдущая страница

- енгізілетін санитариялық талаптар, бұзушылықтарға жол берген адамдарды жауапқа тартудың тәртібі мен негіздері туралы;

- адам мен азаматтың, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шешімдердің маңыздылығын ашу, қабылданған шаралар туралы;

2) бизнес-қауымдастық арасында жаңа санитариялық талаптарды түсіндіру бойынша іс-шараларды жандандырсын;

3) халықты және БАҚ-ты толғандыратын өзекті және «өткір» мәселелерге ден қою және түсіндіру бойынша толық шаралар қабылдай отырып, ықтимал резонанстық тақырыптарды, оқиғаларды, жағдайларды қадағалап отырсын.

Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021.30.07. № 10-2 Қаулысымен (бұр.ред.қара); Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021.27.08. № 10-4 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 12-тармақ өзгертілді

12. Кәсіпорындар мен өндірістік объектілердің, оның ішінде вахталық әдіспен;технологиялық процестің үздіксіз циклімен жұмыс істейтін объектілердің жұмыс берушілері мыналарды:

1) 2020 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің № 67 қаулысының 25-қосымшасымен бекітілген шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде өнеркәсіптік кәсіпорындарға және өндірістік объектілерге, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істейтіндерге қойылатын талаптарды сақтауды;

2) COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцина алмаған қызметкерлерді (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып сауыққан адамдарды қоспағанда) күндізгі режимде жұмысқа жіберуді шектеуді;

Вакцинацияланбаған немесе тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді күндізгі режимде жұмысқа жіберу міндетті ПТР-тестілеуден кейін жүргізіледі;

3) міндетті ПТР-тестілеумен:

- вакцинацияланбаған жұмыскерлерге, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар жұмыскерлерге, вахталық кент шегінен тыс жүйелі түрде шығатын вахталық жұмыскерлерге - 7 күнде 1 рет жиілікпен;

- вахталық әдіспен жұмыс істейтін, барлық кезеңде вахтадан шықпайтын қызметкерлер - кезекті вахтаға келгенге дейін 1 рет (72 сағаттан кешіктірмей) және кезекті вахтаға келгенге дейін және вахтадан шыққанға дейін 5 күн бұрын жиілікпен өтуін қамтамасыз етеді;

4) шектеу, оның ішінде карантиндік шаралардың сақталуын;

5) азаматтардың таңертең (сағат 8.00-ден 10.00-ге дейін), кешке (сағат 18.00- ден 20.00-ге дейін) «қарбалас сағаттарда» жиналуына жол бермеуіне және қызметкерлерді тасымалдау үшін қызметтік автокөлікті пайдалану мақсатында дифференцияланған жұмыс кестесін енгізуді;

6) еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес қызметі үздіксіз өндірістік процеске байланысты қашықтықтан жұмыс істеу режиміне ауысуына мүмкіндігі жоқ басшылар мен қызметкерлердің өзара ауысуын орындауды және бақылауды қамтамасыз етеді.

13. Меншіктің және ведомстволық бағыныстылықтың барлық нысандарындағы, қызметі тоқтатылмаған шаруашылық жүргізуші субъектілері (объектілері):

1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 05 шілдедегі № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 06 шілдеде № 20935 болып тіркелген) «Коронавирустық инфекцияның таралу қаупінің пайда болуының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалармен, 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-47 санитариялық қағидаларымен (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 27 мамырда № 22833 болып тіркелген) және басқа да халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы НҚА-мен және құқықтық актілермен айқындалған санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларының сақталуын;

2) InfoKazakhstan.kz сайтынан электрондық форматта берілетін санитариялық нормаларға сәйкестік актісі негізінде объектілердің қызметін қайта бастауын;

3) қоғамдық мониторинг жүргізу үшін объектінің кіреберісіне, яғни көрнекті жеріне санитариялық нормаларға сәйкестік актісінің орналастырылуын;

4) келушілер мен қызметкерлердің (персоналдың) медициналық немесе матадан тігілген маскаларды міндетті түрде киіп жүруін бақылауды қамтамасыз етсін: маска мұрынды, ауызды және иекті жауып, шеттері бетке тығыз жанасуы және бекітілуі тиіс; сөйлесу кезінде масканы иекке түсірмеу және шешпеу, сондай-ақ оны қолға немесе мойынға байламау керек.

14. Жұмыс берушілер (мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, өзге де ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің, кеңселердің, тіршілікті қамтамасыз ету, қауіпсіздік, құқық тәртібі объектілерінің және басқа объектілердің):

1) азаматтардың «қарбалас сағаттарда»: таңертең (сағат 8.00-ден 10.00-ге дейін), кешке (сағат 18.00-ден 20.00-ге дейін) жиналуына жол бермеу мақсатында дифференцияланған жұмыс кестесін енгізуді қамтамасыз етсін;

2) ҚР БМСД 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 6-1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың және объектілердің вакцинацияланбаған қызметкерлерін (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) көзбе-көз режимде жұмысқа жіберуді шектесін;

3) ҚР БМСД 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 6-1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың вакцинацияланбаған қызметкерлерін (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) (7 күнде 1 рет) міндетті ПТР-тестілеуден өтуін қамтамасыз етсін;

4) еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес қызметі үздіксіз өндірістік процеске байланысты қашықтықтан жұмыс режиміне ауысуына мүмкіндігі жоқ басшылар мен қызметкерлердің өзара ауысуын қамтамасыз етсін.

Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021.27.08. № 10-4 Қаулысымен 15-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

15. Меншік нысанына қарамастан ПТР зерттеулер жүргізетін зертханалар:

1) тестілеуді эпидемиологиялық, профилактикалық мақсатта және эпидемиологиялық қадағалау шеңберінде жүзеге асыратындар міндетті түрде ҚДСҰО СЭСМҒПО филиалында сапаны сыртқы бағалауға (зертханааралық салыстыру сынақтары (кәсіптік тестілеу)) жатады;

2) ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне, оның облыстың қалалар мен аудандарындағы аумақтық басқармаларына және ошақтарды оқшаулау орталығына (ООО) ПТР зерттеудің оң нәтижелерінің барлық бастапқы жағдайларының (осы зерттеулердің қаржыландырылуына қарамастан: ТМККК немесе ақылы қызметтер шеңберінде), тегі бойынша тізімдерін және хабарламаларды, сондай-ақ белгіленген нысан мен жиілікке сәйкес тестіленген адамдардың саны мен санаттары туралы есептілікті ұсынсын.

16. Жеке тұлғалар мыналарды:

1) маскалық режимді сақтауды:

Халық үшін медициналық немесе матадан тігілген маскаларды:

- ашық ауада (көшеде, үйден тыс жерде), қоғамдық орындарда, оның ішінде автобус аялдамаларында;

- халықтың келуіне, қызмет көрсетуіне және демалуына арналған жабық үй-жайларда, сондай-ақ қызметі рұқсат етілген объектілерде;

- қоғамдық көлікте, оның ішінде таксиде;

- COVID-19-ға күдікті адамға көмек көрсету кезінде дені сау адамдарға;

- коронавирустық инфекцияға ұқсас аурудың белгілері бар адамдарға, коронавирустық инфекция белгілері бар науқастарға (дене қызуының көтерілуі, ентігу, жөтел) немесе ПТР не болмаса жедел тестілеудің оң нәтижелері бар адамдарға кию міндеттеледі.

Медициналық немесе матадан тігілген маскаларды дұрыс кию: маска мұрынды, ауызды және иекті жауып, шеттері бетке тығыз жанасуы және бекітілуі тиіс; сөйлесу кезінде масканы иекке түсірмеу және шешпеу, сондай-ақ оны қолға немесе мойынға байламау керек;

Халықтың медициналық немесе матадан тігілген маскаларды кимеуі келесі жағдайларда:

- 5 жасқа дейінгі балаларға; мектепке дейінгі ұйымдардағы (шағын орталықтар, мектеп-балабақша) 5 жастан асқан балаларға; сыныптардағы сабақ уақытында оқушыларға;

- жеке, топтық спортпен шұғылданатын адамдар спорт және ойын алаңдарында, скверлерде, саябақ аймақтарында, жағалау және басқа арнайы орындарда 5 адамнан аспаған жағдайда, әлеуметтік қашықтықты сақтаған кезде;

- қоғамдық тамақтану орындарында тамақ ішу кезінде, әлеуметтік қашықтықты сақтаған жағдайда;

- медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарға:

1) өкпенің созылмалы аурулары бойынша (өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (ӨСОА);

2) өкпенің созылмалы спецификалық емес аурулары (ӨССА): өкпенің эмфиземасы, бронх демікпесінің ауыр түрлері, созылмалы облитерациялайтын бронхиолит, бронхоэктатикалық ауру, муковисцидоз, биссиноз, созылмалы обструктивті бронхит;

3) декомпенсация сатысындағы созылмалы жүрек жеткіліксіздігі (СЖЖ) (іркілісті жүрек жеткіліксіздігі; сол жақ қарынша жеткіліксіздігі; анықталмаған жүрек жеткіліксіздігі), растайтын құжаттары («Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 қарашада № 21579 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген, белгіленген нысан (№ 026/е нысаны) бойынша «Дәрігерлік - консультациялық комиссияның қорытындысы»), не болмаса маска тағуға қарсы көрсетілім туралы қорытындыны міндетті түрде көрсете отырып, медициналық ұйымның бұрыштық мөртабаны және медициналық ұйымның мөрі мен дәрігердің жеке мөрі бар медициналық қорытынды болған кезде;

- жеке көлікте (жалғыз өзі немесе бір отбасы мүшелерімен);

- елді мекеннен тыс жерлерде (табиғатта) жалғыз өзі немесе бір отбасы мүшелерімен;

- заңнамада тыйым салынбаған жерлерде, әлеуметтік қашықтықты сақтаған жағдайда рұқсат етілген темекі өнімдерін шегу кезінде жауапкершілікке әкеп соқтырмайды.

2) кемінде 1,5-2 м әлеуметтік қашықтықты:

- отбасы мүшелерін қоспағанда, ашық ауада (көшеде, үйден тыс жерде), сондай-ақ халыққа баруға, қызмет көрсетуге және демалуға арналған үй-жайларда не болмаса қызметіне рұқсат етілген объектілерде болған кезде және жүріп-тұрған кезде міндеттеледі.

3) денсаулық жағдайының мониторингісін:

- респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған жағдайда (вирустық инфекция белгілерінің болуы: дене қызуының көтерілуі, ентігу немесе жөтел), медициналық ұйымдарға бармай-ақ, 103 нөмірі бойынша жедел медициналық көмекті (мобильдік топты) үйге шақыру арқылы, тұрғылықты жері бойынша медициналық қызметкерді дереу хабардар етеді;

- COVID-19 коронавирустық инфекция ауруы, COVID-19-ды жоққа шығармайтын пневмония және байланыста болған адамның дәрежесі анықталған жағдайда, белгіленген қағидалар мен өзін-өзі оқшаулау немесе ауруханаға жатқызу тәртібінің қатаң сақталуын қамтамасыз етеді;

4) жаппай отбасылық салтанатты, ұжымдық және еске алу шараларын, оның ішінде үй жағдайында ұйымдастырылуына, өткізілуіне және қатысуға тыйым салудың сақталуын, қызметіне тыйым салынған объектілерге баруға жол бермеуді;

5) COVID-19-дан қайтыс болған адамның мәйітін жерлеу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтап, аза тұту және жерлеу іс-шараларын жүргізу кезінде әлеуметтік қашықтықты, маскалық режимді сақтай отырып және іс-шараға 10 адамнан (жақын отбасы мүшелерінің қатарынан) артық жиналуына жол бермеуді;

6) 65 жастан асқан азаматтар және созылмалы аурулары бар адамдар үйде өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауларын;

Үйден дәріханаларға шығуға, жұмысқа (жұмыс істейтіндер үшін), төлемдер, зейнетақы және т. б. алу үшін мекемелерге, коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге, жақын маңдағы жұмыс істейтін дүкеннен сауда жасау үшін, үй жануарларын серуендетуге, қоқыс шығаруға, серуендеуге, медициналық көмекке жүгінуге және «өмір мен денсаулыққа басқа тікелей қауіп төнген жағдайда» рұқсат етіледі;

7) ШҚО аумағына шетелден келген адамдарға денсаулық жағдайына күнделікті өз-өзіне бақылау жүргізу, жағдайдың кез келген нашарлауы (вирустық инфекция симптомдарының болуы: дене қызуының көтерілуі, ентігу немесе жөтел) пайда болған жағдайда, 103 нөмірі бойынша жедел медициналық көмекті үйге шақыру арқылы медициналық ұйымдарға бармай-ақ тұрғылықты жері бойынша медицина қызметкерін дереу хабардар етуді қамтамасыз етсін;

8) COVID-19 диагнозы расталған адамдар, COVID-19 таралуының эпидемиялық қаупі жоғары адамдар ретінде:

- 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-47 санитариялық қағидаларының 1-қосымшасына және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 36-қосымшасына сәйкес үй карантинін сақтау шарттарын міндетті түрде орындау туралы қолхатқа қол қоюға, алуға және үй карантині талаптарын сақтауға;

- карантиндік, санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық талаптарды сақтауға;

- карантин жағдайында болған кезінде инфекцияны жұқтырмау мақсатында өзге адамдармен қарым-қатынас жасамауға;

- медициналық қызметкерлердің келісімінсіз үйден шығып кетпеуге;

- жақын байланыста болған адамдар тобын анықтау үшін қажетті ақпаратты ұсынуға;

- өзінің денсаулық жағдайының өзгеруі туралы медицина қызметкерлерін дереу хабардар етуге (карантин кезеңінде 14 күн);

- мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының заңды талаптарын немесе қаулыларын өз құзыреті шегінде орындауға;

- 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-47 санитариялық қағидаларының 1-қосымшасына және Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысының 36-қосымшасына сәйкес үй карантинінде болу мониторингісін қашықтықтан сақтауға;

- қаулылардың талаптарын сақтауға міндетті;

9) қызметі қайта басталмаған немесе тыйым салынған объектілерге баруға болмайды.

10) «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге:

- COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесі бар симптомды және симптомсыз вирусиеленушілер (U 07.1 коды);

- расталған диагнозы бар және COVID-19 анықталмағандар (пневмония) (U 07.2 коды);

- үйде оқшаулау (үй карантині) жағдайында COVID-19 науқасымен байланыста болған (жақын байланыс) адамдар бармауы керек.

17. Теміржол және авиакөлік объектілерінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің және көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулыларына сәйкес жүргізіледі.

18. 2021 жылғы 21 шілдеден бастап Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің:

- «Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі шаралар туралы» 2021 жылғы 20 мамырдағы № 6;

- «Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 20 мамырдағы № 6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 4 маусымдағы № 6-2;

- «Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 20 мамырдағы № 6 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2021 жылғы 11 маусымдағы № 6-3;

- «Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 20 мамырдағы № 6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 16 маусымдағы № 6-4;

- «Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 20 мамырдағы № 6 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 1 шілдедегі № 6-5;

- «Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 20 мамырдағы № 6 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2021 жылғы 14 шілдедегі № 6-6 қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

19. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.

20. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халық ресми веб-ресурстар, БАҚ, әлеуметтік желілер және өзге де ақпараттық ресурстар арқылы хабардар етілсін.

21. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

22. Осы қаулы 2021 жылғы 21 шілдеден бастап күшіне енеді және оның ресми күші жойылғанға дейін қолданылады.

 

 

М. О.

Шығыс Қазақстан облысының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері

 

 

Қ. Турдиев

 

Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021.24.07. № 10-1 Қаулысымен (2021 ж. 27 шілдеден бастап күшіне енді) (бұр.ред.қара); 2021.30.07. № 10-2 Қаулысымен (бұр.ред.қара); Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021.27.08. № 10-4 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-қосымша жаңа редакцияда

Шығыс Қазақстан облысының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2021 жылғы 18 шілдедегі

№ 10 қаулысына

1-қосымша

 

 

Тәуекел аймағына байланысты («қызыл» аймақ) Шығыс Қазақстан облысының

әлеуметтік-экономикалық объектілерінің жұмысын шектеу және рұқсат беру

өлшемшарттары

 

№

Объектілер / салалар

«ҚЫЗЫЛ» АЙМАҚ

1.

Халықпен байланыс деңгейі төмен кәсіпкерлік объектілері:

Рұқсат етілген

 

- автожуу, көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу объектілері

Рұқсат етілген

 

- ателье, тігін шеберханалары, тұрмыстық техниканы, аяқ киімді, телефондарды, компьютерлерді, сағаттарды жөндеу объектілері, кілттерді дайындау, «тұрмыстық үй» қағидаты бойынша қызметтер және т. б., химиялық тазалау, кір жуу орындары, гүл сату дүкендері, фотосалондар, тауарларды жеткізумен айналысатын ұйымдар, авто-экспресс (алып кетуге арналған тамақ)

Рұқсат етілген

 

- ЖҚС (автожанармай құю станциялары)

Рұқсат етілген

2.

Халыққа қызмет көрсету бойынша абоненттік бөлімдер

Рұқсат етілген

3.

Тәулік бойы мониторинг қызметтерін көрсететін ұйымдарды (авариялық хабарлау жүйелері, персоналды, техниканы жер астында жайғастыру және т.б.) қоспағанда, туристік компаниялар, бизнес-орталықтар (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер, консалтинг, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары қызметтері)

Рұқсат етілген

Бір отбасы мүшелерін қоспағанда, жеке қызмет көрсетумен (бір клиенттен).

4.

Дәріханалар және дәріханалық бөлшек сауда желісі, оның ішінде сауда объектілерінде орналасқан дәріханалар

Рұқсат етілген

5.

Амбулаториялық үлгідегі медициналық ұйымдар (емдеу мекемелері)

Рұқсат етілген

6.

Стационарлық сипаттағы қызметтер көрсететін медициналық ұйымдар (емдеу мекемелері)

✓

Рұқсат етілген

Карантинді қамтамасыз ету және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау

7.

Стоматологиялық медициналық орталықтар (кабинеттер)

✓

Рұқсат етілген

Алдын ала жазылу бойынша.

8.

Медициналық-әлеуметтік объектілер және ардагерлер мен мүгедектерге арналған оңалту орталықтары

✓

Рұқсат етілген

Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді қамтамасыз ету және сақтау.

9.

Балалар түзету кабинеттері, секциялар, үйірмелер, факультативтер, балалар және ересектерге арналған білім беру орталықтары (қызметкерлер (персонал), 18 жастан асқан адамдар үшін), 18 жасқа дейінгі адамдарды ерікті түрде тіркей отырып

✓

Демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерінен басқа уақытта рұқсат етілген.

 

Топтар бір адамға 4 м2 есебінен, балалар (ересектер) арасындағы қашықтықты сақтау шартымен құрылады, бірақ топта 15 баладан (ересектерден) аспауы керек, алдын ала жазылу бойынша.

10.

Косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету орталықтары және сұлулық салондары, шаштараздар, барбер-шоптар, маникюр және педикюр, массаж және татуаж кабинеттері (жазылу бойынша)

✓

Рұқсат етілген

1 келушіге ауданы кемінде 4 м2, алдын ала жазылу бойынша

11.

Ғимараттардың сыртындағы азық-түлік базарлары

Рұқсат етілген

Келушілердің әлеуметтік қашықтық пен маскалық режимді сақтауын бақылау үшін қызметкерлер қатарынан санитариялық патрульдер құру ұсынылады, аумаққа маска тағып кіру.

12.

Ғимараттардың ішіндегі азық-түлік базарлары

✓

Рұқсат етілген

Толтырылуын 30%-дан асырмай, келушілерді кірген кезде термометриядан өткізгенде, сенбі және жексенбі күндері - қызметіне тыйым салынған.

Келушілердің әлеуметтік қашықтық пен маскалық режимді сақтауын бақылау үшін қызметкерлер қатарынан санитариялық патрульдер құру ұсынылады, аумаққа маска тағып кіру.

13.

Ғимараттардың сыртындағы азық-түлік сатпайтын базарлар

Демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерінен басқа уақытта рұқсат етілген.

Келушілердің әлеуметтік қашықтық пен маскалық режимді сақтауын бақылау үшін қызметкерлер қатарынан санитариялық патрульдер құру ұсынылады, аумаққа маска тағып кіру.

14.

Ғимараттардың ішіндегі азық-түлік сатпайтын базарлар

✓

Демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерінен басқа уақытта рұқсат етілген.

Толтырылуын 30%-дан асырмай, келушілерді кірген кезде термометриядан өткізгенде.

Келушілердің әлеуметтік қашықтық пен маскалық режимді сақтауын бақылау үшін қызметкерлер қатарынан санитариялық патрульдер құру ұсынылады, аумаққа маска тағып кіру.

15.

Азық-түлік тауарларын сатпайтын ауданы 2000 м2 дейінгі сауда объектілері

✓

Оларда орналасқан азық-түлік тауарларын сататын бөлімдерді, дәріханаларды және дәріхана желілерін, банкоматтарды, сондай-ақ уақытша егу пункттері ұйымдастырылған объектілерді қоспағанда, демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерінен басқа уақытта рұқсат етілген.

 

Сауда залының ауданы 50 м2 дейінгі үй-жайларда бір отбасы мүшелерін қоспағанда, бір уақытта 4 адамға дейін болуға рұқсат етіледі.

 

Сауда залының ауданы 50-ден 100 м2 дейін болған кезде - бір отбасы мүшелерін қоспағанда, тиісінше 8 адамға дейін.

 

Сауда залының ауданы 100-ден 2000 м2 дейін болған кезде - толтырылуын 30%-дан асырмай, 1 келушіге ауданы кемінде 4 ш.м.

 

Жеткізуге шектеусіз.

 

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды бір мезгілде сататын (оның ішінде өзіне-өзі қызмет көрсету нысаны бойынша) сауда объектілерінде демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндері азық-түлік тауарларын сатпайтын бөлімдердің жұмысына тыйым салынады.

16.

Азық-түлік тауарларын сатпайтын ауданы 2000 м2 асатын сауда объектілері

 

(Сауда үйлері, сауда орталықтары, СОО)

✓

Оларда орналасқан азық-түлік тауарларын сататын бөлімдерді, дәріханаларды және дәріхана желілерін, банкоматтарды, сондай-ақ уақытша егу пункттері ұйымдастырылған объектілерді қоспағанда, демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерінен басқа, жұмыс күндері сағат 18.00-ге дейін рұқсат етілген.

 

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды бір мезгілде сататын (оның ішінде өзіне-өзі қызмет көрсету нысаны бойынша) сауда объектілерінде демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндері азық-түлік тауарларын сатпайтын бөлімдердің жұмысына тыйым салынады.

 

Толтырылуын 30%-дан асырмай, келушілерді кірген кезде термометриядан өткізгенде.

 

Келушілердің әлеуметтік қашықтық пен маскалық режимді сақтауын бақылау үшін қызметкерлер қатарынан санитариялық патрульдер құру ұсынылады, аумаққа маска тағып кіру.

 

Жеткізуге шектеусіз.

17.

Азық-түлік тауарларын сататын сауда объектілері (дүкендер, бөлімдер, шағын маркеттер, оның ішінде зоодүкендер)

Рұқсат етілген

Сауда залының ауданы 50 м2 дейінгі үй-жайларда бір отбасы мүшелерін қоспағанда, бір уақытта 4 адамға дейін болуға рұқсат етіледі.

 

Сауда залының ауданы 50-ден 100 м2 дейін болған кезде - тиісінше 8 адамға дейін.

 

Сауда залының ауданы 100 м2 астам болған кезде - толтырылуын 30%-дан асырмай, 1 келушіге ауданы кемінде 4 м2.

 

Жеткізуге шектеусіз.

18.

Демалыс күнгі ашық ауадағы ауыл шаруашылығы, азық-түлік жәрмеңкелері

Рұқсат етілген

19.

Халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдар (қонақ үйлер, отельдер, санаторий-курорттық ұйымдар, демалыс үйлері / базалары, туристік базалар және т.б.)

✓

Рұқсат етілген

Номерлер қорының толтырылуы 80%-ға дейін

20.

Мейрамхана, дәмхана және кофехана** типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда)

✓

Демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерінен басқа, жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген.

 

Бұқаралық, отбасылық, ұжымдық (корпоративтік) іс-шараларды, конкурстарды (интерактивті іс-шаралардан басқа, өз үстелінен шықпай), билерді өткізбей, көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып және бір үстелге 4-6 адамнан аспайтын мөлшерде отырғызып, толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ отыратын орындар санын 30 орыннан асырмай.

 

«Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде тамақ жеткізуді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтану ұйымдарына қойылатын талаптарды» сақтай отырып, жеткізуге шектеусіз.

 

Өнеркәсіптік кәсіпорындарға, медициналық мекемелерге, туризм объектілеріне және халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдарға (қонақ үйлер, отельдер, демалыс үйлері, туристік базалар және т.б.) қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану объектілері қызмет көрсететін объектінің штаттық режимінде, толтырылуын отыратын орындар санының 50%-нан асырмай, қызмет көрсететін объектілердің қызметкерлерін, клиенттерін, пациенттерін және басқа да адамдардың тамақтануларын ұйымдастыру үшін жұмыс істей алады.

 

Білім беру және тәрбиелеу ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану объектілері «2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» 2021 жылғы 25 тамыздағы № 36 қаулысына сәйкес жұмыс істей алады.