«Биоәртүрлілік шығынының орнын толтыруды орындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 19 мамырдағы № 151 бұйрығы (2025.31.10. берілген өзгерістермен)

Биоәртүрлілік шығынының орнын толтыруды орындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 19 мамырдағы № 151 бұйрығы

(2025.31.10. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экология Кодексінің 241-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Биоәртүрлілік шығынының орнын толтыруды орындау қағидалары бекітілсін.

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді және ресми жариялауға жатады.

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Экология, геология және

табиғи ресурстар министрінің

2021 жылғы 19 мамырдағы

№ 151 бұйрыққа

қосымша

 

 

Биоәртүрлілік шығынының орнын толтыруды орындау

 қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы биортүрлілік шығынының орнын толтыруды орындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Экология Кодексінің (бұдан әрі - Экология кодекс) 241-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және биологиялық әртүрлілік шығынының орнын толтыру жөніндегі іс-шараларды орындау тәртібін белгілейді.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.