Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 622 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2015 жылғы 10 тамыздағы
№ 622 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесі
1. «Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 49 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 1, 17-құжат).
2. «Теңіз портының міндетті түрде көрсететін қызметтерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 24 ақпандағы № 193 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 9, 98-құжат).
3. «Теңіз порттарын салу үшін оларды орналастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 ақпандағы № 207 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 9, 104-құжат).
4. «Қазақстан Республикасының теңіз көлігінде экспедиторлық қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 7 қазандағы № 1033 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 41, 431-құжат).
5. «Магистральдық теміржол желісін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 сәуірдегі № 424 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 218-құжат).