Солтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық мөлшерлемелерін белгілеу туралы» бірлескен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 485 қаулысына және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 40/8 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 3 ақпандағы № 21 және Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2022 жылғы 3 ақпандағы № 14/2 бірлескен қаулысы мен шешімі
Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Солтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық мөлшерлемелерін белгілеу туралы» бірлескен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 485 қаулысына және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 40/8 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3572 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бірлескен әкімдік қаулысының және мәслихат шешімінің қосымшасы осы бірлескен әкімдік қаулысының және мәслихат шешімінің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімінің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
3. Осы бірлескен әкімдік қаулысы мен мәслихат шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Солтүстік Қазақстан облысының әкімі | К. Аксакалов |
| Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы | В. Бубенко |
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2022 жылғы 3 ақпандағы
№ 21 мен Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихатының
2022 жылғы 3 ақпандағы
№ 14/2 бірлескен
қосымша
Бірлескен Солтүстік Қазақстан