«Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау қағидаларын, сондай-ақ қабылдау актісінің нысанын бекіту туралы» 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 867 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 15 маусымдағы № 352 бұйрығы

«Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау қағидаларын, сондай-ақ қабылдау актісінің нысанын бекіту туралы» 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 867 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 15 маусымдағы № 352 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау қағидаларын, сондай-ақ қабылдау актісінің нысанын бекіту туралы» 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 867 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 29 желтоқсанда № 16165 болып тіркелген, ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 10 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

Осы Бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Индустрия және инфрақұрылымдық даму

министрі

 

 

Б. Атамкулов

 

Қазақстан Республикасы

Индустрия және инфрақұрылымдық

даму министрінің

2020 жылғы 15 маусымдағы

№ 352 бұйрығына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және

даму министрінің

2017 жылғы 13 желтоқсандағы

№ 867 бұйрығына

2-қосымша

 

 

Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау

 актісі

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.