Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулерінің, оның ішінде халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулерінің бірыңғай дерекқорын жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 25 сәуірдегі № 461 бұйрығы
Осы редакция 2021 жылғы 27 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 1-тармағының 9-3) тармақшасын басшылыққа ала отырып БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулерінің, оның ішінде халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулерінің бірыңғай дерекқорын жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және оның ресми жариялауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.