«Қаржылық ұйымдарға қатысты бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 62 бұйрығы (күші жойылды)

Қаржылық ұйымдарға қатысты бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 62 бұйрығы

 

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 85 бұйрығымен күші жойылды

 

«Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қаржылық ұйымдарға қатысты бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу әдістемесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін осы бұйрықтың күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. «Қаржылық ұйымдарға қатысты бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) төрағасының 2013 жылғы 31 мамырдағы № 148-НҚ бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

Е. Досаев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкінің Төрағаның

міндетін атқарушы

Қ. Қожахметов

2015 жылғы «___»___________

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2015 жылғы 30 қаңтардағы

№ 62 бұйрығымен бекітілген

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.