(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРЫ МЕН...

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен жергілікті атқарушы органдарының, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тапсырысы бойынша жүргізілетін, республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық, консалтингтік, әлеуметтік және өзге де зерттеулердің, оның ішінде халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулердің бірыңғай дерекқорын жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 25 сәуірдегі № 461 бұйрығы

(2021.27.04. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2024 жылғы 26 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

ҚР Әділет министрінің 2021.27.04. № 335 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

ҚР Әділет министрінің 2021.27.04. № 335 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

«Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 23-бабы 1-тармағының 9-3) тармақшасын және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының республикалық бюджеттен қаржыландырылатын талдамалық және әлеуметтанушылық зерттеулерінің, оның ішінде халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулерінің бірыңғай дерекқорын жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және оның ресми жариялауды;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.