«Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 мамырдағы № ҚР ДСМ-45 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 30 қазандағы № 153 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

«Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 мамырдағы № ҚР ДСМ-45 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2026 жылғы 30 қазандағы № 153 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 мамырдағы № ҚР ДСМ-45 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28085 тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 10-бабының 5) тармақшасына, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына және 14-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Фармацевтикалық қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Денсаулық сақтау саласында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген «Фармацевтикалық қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген «Денсаулық сақтау саласында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларында:

қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Денсаулық сақтау саласында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.