(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2013.29.11 № 1275 ҚАУЛЫСЫ

Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 1275 Қаулысы

 

Осы редакция 2015 жылғы 12 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы 29 қарашадағы

№ 1275 қаулысымен

бекітілген

 

 

Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру
қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің (бұдан әрі - Шекара қызметі) шекаралық белдеуге кіруге, онда болуға рұқсаттамаларды беру тәртібін айқындайды.

2. Рұқсаттама алған жеке және заңды тұлғалар кіргенге дейін екі тәулік бұрын Шекара қызметінің әскери бөліміне жұмысқа қатысушылар, уақыты, орны мен сипаты туралы хабарлайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы режимінің сақталуын қамтамасыз етеді.

 

 

2. Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар
беру тәртібі

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.