Міндетті түрде кәсіби өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 29 мамырдағы № 281 бұйрығы
(2025.09.09. берілген өзгерістермен)
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2025.27.08. № 366 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2025.27.08. № 366 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының 30) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2025.27.08. № 366 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Міндетті түрде кәсіби өртке қарсы қызмет құрылатын ұйымдар мен объектілердің қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.