«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VI Кодексі (2026.25.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесіне осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тәртіппен кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу тәсілдері қолданылғаннан кейін оның кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегі өтелмеген жағдайда, заңды тұлғада біреуден көп құрылымдық бөлімше болған кезде, кеден органы осындай заңды тұлғаның барлық құрылымдық бөлімшелеріне бір мезгілде осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешектің өтелуін қамтамасыз ету тәсілдерін қолданады.

Заңды тұлға кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама өзіне табыс етілгеннен кейін отыз жұмыс күні ішінде кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтемеген жағдайда, кеден органы төлеушілерге - заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелеріне осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген, бюджетке берешектің өтелуін қамтамасыз ету тәсілдерін қолданады.

3. Кедендік төлемдер мен салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешектің өтелуін қамтамасыз ету тәсілдері төлеушіге осы тарауда көзделген мерзiмдерде қолданылады.

2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешектің өтелуін қамтамасыз ету тәсілдері мынадай:

1) банкрот деп таныған жағдайда - соттың төлеушіні банкрот деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап;

2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) оңалту рәсімі қолданылған жағдайда - оңалту рәсімін қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап;

2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) сот берешекті қайта құрылымдау туралы келісімді бекіткен жағдайда - осындай келісімді бекіту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап;

4) екінші деңгейдегі банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда - соттың мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап қолданылмайды.

Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында айқындалған жағдайларда Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілмеген, берешекті қайта құрылымдау рәсімі қолданылғаннан кейін туындаған кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешектің сомасы бойынша осы тараудың ережелеріне сәйкес кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешектің өтелуін қамтамасыз ету тәсілдері қолданылады.

 

124-бап. Кедендік төлемдердің, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының мерзiмiнде төленбеген сомасына өсiмпұл

1. Кедендік төлемдердің, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомалары белгіленген мерзiмде төленбеген, сондай-ақ кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша берешек туындаған жағдайда өсiмпұл төленеді. Осы баптың 2-тармағында белгiленген кедендік төлемдердің, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының белгіленген мерзiмде төленбеген сомасына, сондай-ақ кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша берешекке есепке жазылатын мөлшер өсiмпұл болып танылады.

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Өсiмпұл кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімдері аяқталған күннен кейінгі күннен бастап, төлеу күнін қоса алғанда, кедендік төлемдердi, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеудің мерзімі өткен әрбір күні үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде есептеледі.

Өсiмпұл кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешектің өтелуін қамтамасыз ету тәсілдерін және кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жауаптылық шараларын қолдануға қарамастан, есепке жазылады және төленедi.

3. Өсiмпұл тексеру нәтижелері туралы хабарлама немесе бұзушылықтарды жою туралы хабарлама немесе кедендік төлемдердің, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың мерзiмiнде төленбеген сомалары туралы хабарлама шығарылған күннен бастап олар хабарламада көрсетілген талаптарды орындау мерзімі шегінде төленгенге дейін кедендік төлемдердің, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының төленбеген сомасына есепке жазылмайды.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген хабарламаның талаптарын орындау мерзімі шегінде кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпинге қарсы, өтемақы баждары төленбеген немесе толық төленбеген кезде өсімпұл мұндай хабарлама шығарылған күннен бастап кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі берешекті өтеу күніне дейін қоса алғанда есепке жазылады.

4. Өсімпұл тексеру нәтижелері туралы хабарламаға, камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға, кедендік баждардың, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың белгіленген мерзімде төленбеген сомалары туралы хабарламаға шағым жасалған жағдайда, егер тауарларды кедендік декларациялау кеден органының кейіннен осындай кеден органы не жоғары тұрған кеден органы күшін жойған және кері қайтарып алған алдын ала алынған жеке жазбаша түсіндірмесіне сәйкес жүзеге асырылған жағдайда, кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша берешек сомасына есепке жазылмайды.

Егер кеден органы өтініш иесі алдын ала жеке жазбаша түсіндірме алу үшін кеден органына анық емес және (немесе) толық емес мәліметтер қамтылған құжаттарды, жалған құжаттарды не анық емес және (немесе) толық емес мәліметтерді ұсынғанын анықтаған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері қолданылмайды.

Тауарлардың жекелеген түрлерін сыныптау туралы қабылданған шешімдер мен түсіндірмелерге, тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдерге, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы құрастырылмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жасақталмаған немесе жасалып бітпеген түрде өткізілетін тауарларды сыныптау туралы шешімдерге, тауарлардың шығарылған жері туралы алдын ала шешімдерге, әкелінетін тауарлардың кедендік құнын айқындау әдістерін қолдану мәселелері бойынша алдын ала шешімдерге қатысты осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері қолданылмайды.

2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Өсiмпұл кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша төлеушіде туындаған берешек сомасына:

1) «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сот берешекті қайта құрылымдау туралы келісімді бекіткен жағдайда, төлеушіге қатысты кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша берешекті өтеу мерзімі өзгерген кезде;

2) сот банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы ұйғарым шығарған кезде - осындай ұйғарым шығарылған күннен бастап;

3) сот оңалту туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы ұйғарым шығарған кезде - осындай ұйғарым шығарылған күннен бастап;

2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) берешекті қайта құрылымдау рәсімі қолданылған кезде - осындай рәсімді қолдану туралы сот шешімі шығарылған күннен бастап;

2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

5) сот төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс қозғау жөнінде ұйғарым шығарған кезде - осындай ұйғарым шығарылған күннен бастап есепке жазылмайды.

2019.27.12. № 290-VІ ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды

5-1. Өсімпұлды есепке жазу:

1) төлеушіні банкрот деп танудан бас тарту туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда - сот банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап;

2) оңалту жоспарын бекітуден бас тарту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген жағдайда - сот оңалту туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап;

3) төлеушіге қатысты оңалту рәсімін қолданудан бас тарту туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда - сот оңалту туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап;

2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) төлеуші «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде берешекті қайта құрылымдау туралы келісімді жасаспаған не сот осындай келісімді бекітуден бас тарту туралы ұйғарым шығарған жағдайда - сот берешекті қайта құрылымдау рәсімін қолдану туралы шешім қабылдаған күннен бастап;

2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

5) соттың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолданудан бас тарту туралы шешімі заңды күшіне енген жағдайда қайта басталады.

6. Өсiмпұл соттың жеке тұлғаны хабарсыз кеткен деп тану туралы шешімі күшіне енген күннен бастап осы шешімнің күші жойылған күнге дейін кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша берешек сомасына есепке жазылмайды.

7. Өсімпұлдарға, пайыздарға өсімпұл есепке жазылмайды.

8. Өсiмпұл кедендік төлемдердің, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының артық төленген сомасына есепке жатқызуды жүргізу арқылы өтелген кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша берешек сомасына есепке жатқызуды жүргізуге арналған төлем құжатының күнінен бастап есепке жазылмайды.

9. Өсiмпұл кедендік төлемдердің, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының сомаларын бюджетке есепке жатқызған кезде:

1) екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар төлеушінің банктік шотынан ақшаны есептен шығарған күннен бастап;

2) төлеуші банкоматтар немесе өзге де электрондық құрылғылар арқылы төлемді жүзеге асырған күннен бастап;

3) төлеуші қолма-қол ақшаны екінші деңгейдегі банкке немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға енгізген күннен бастап есепке жазылмайды.

10. Өсімпұл төлеушінің жеке шотында бар аванстық төлемдердің сомасына, кедендік төлемнің, салықтың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы бажының осы түрі бойынша кедендік төлемдердің, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының артық төленген сомасына пропорционалды түрдегі кедендік төлемдердің, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының белгіленген мерзімде төленбеген сомасына, кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша берешек сомасына өзінің негізінде төлеушінің жеке шотында артық төленген сома пайда болған төлем құжатының күнінен бастап есепке жазылмайды.

 

125-бап. Төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру

2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру мынадай жағдайларда:

1) кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша берешек, өсімпұлдар, пайыздар өтелмеген жағдайда - кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша берешекті, өсімпұлдарды, пайыздарды өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен кейінгі он жұмыс күні ішінде;

2) бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалмаған жағдайда - осы Кодекстің 417-бабының 3-5-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;

3) осы Кодекстің 420-бабының 3-тармағында көзделген, тексерілетін тұлғаның объектісіне кіруден бас тарту жағдайларынан басқа, осы Кодекстің 420-бабы 4-тармағының бірінші бөлігінде аталған лауазымды адамдардың тексерілетін тұлғаның объектісіне кіруінен негізсіз бас тартылған жағдайда - лауазымды адамдардың кіруінен бас тарту туралы хаттама жасалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;

4) төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жерінде болмауына байланысты, пошта немесе өзге де байланыс ұйымы жіберілген: бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны, тексеру нәтижелері туралы хабарламаны және (немесе) кедендік баждардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың белгіленген мерзімде төленбеген сомалары туралы хабарламаны қайтарған жағдайда - қайтарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығару арқылы жүргізіледі.

2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру мыналардан:

1) төлеушінің кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өз бетінше өтеуі жөніндегі операциялардан;

2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді

2) ақшаны:

адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талаптарды, сондай-ақ алименттерді өндіріп алу жөніндегі талаптарды қанағаттандыруды көздейтін атқару құжаттары;

125-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінің 2) тармақшасы үшінші абзацының қолданысы 2020 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац 564-баптың редакциясында қолданылды

еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдармен жұмыстан шығу жәрдемақыларын төлеу және еңбегіне ақы төлеу, авторлық шарт бойынша сыйақылар төлеу, клиенттің бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне бөлінетін трансферттерді, әлеуметтік аударымдарды, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне бөлінетін нысаналы жарна қаражатын, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу жөніндегі міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін ақшаны алып қоюды көздейтін атқару құжаттары бойынша;

кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша берешекті, өсімпұлдарды, пайыздарды өтеу бойынша, сондай-ақ мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы атқару құжаттары бойынша алып қою жағдайларынан басқа, төлеушінің барлық шығыс операцияларына, ал осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда кедендік төлемдердің, салықтардың, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың көрсетілген сомалары шегінде қолданылады.

Банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының немесе лауазымды адамдардың тыйым салуды қолдануы туралы шешімдерінің негізінде тыйым салу қолданылған ақша сомасына қолданылмайды.

3. Төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша бекіткен нысанда шығарылады және оны банк немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым алған күннен бастап күшіне енеді.

Кеден органы мұндай өкімді банктерге немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қағаз жеткізгіште немесе телекоммуникациялар желісі бойынша беру арқылы электрондық нысанда жібереді. Кеден органының төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі электрондық нысанда жіберілген кезде, мұндай өкім Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісілген форматта қалыптастырылады.

4. Төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім банктердің немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың бұлжытпай орындауына жатады.

5. Төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің күшін осындай өкімді шығарған кеден органы банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрудың себептері жойылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жояды.

 

126-бап. Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру

1. Төлеуші кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтемеген жағдайда, кеден органы кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен кейінгі он жұмыс күні өткен соң төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруды жүргізеді.

Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, кейіннен кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу есебіне аудару үшін екінші деңгейдегі банкке немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға ақша тапсыру жөніндегі операциялардан басқа, кассадағы қолма-қол ақшаның барлық шығыс операцияларына қолданылады.

Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша екі данада жасалады, оның бір данасы төлеушіге қол қойғызып немесе жіберу мен алу фактiлерiн растайтын өзге де тәсiлмен табыс етіледі.

2. Төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді пошта операторы немесе байланыс операторы қайтарған жағдайда, осы Кодекстің 116-бабының 6-тармағында белгіленген тәртіппен зерттеп-қарау актісі жасалған күн осындай өкім табыс етілген күн болып табылады.

3. Кеден органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі төлеушінің бұлжытпай орындауына жатады.

4. Төлеуші осы баптың талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

5. Төлеуші кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтегеннен кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей кеден органы кеден органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің күшін жояды.

 

127-бап. Төлеушінің мүлікке билік етуін шектеу

1. Мынадай:

1) кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен кейінгі он бес жұмыс күнi өткен соң - кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешек өтелмеген;

2) төлеушіге тексеру нәтижелері бойынша кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар бойынша сомалар есепке жазылған жағдайларда, осы баптың 2-тармағында көрсетілген шешімнің негізінде төлеушінің мүлікке билік етуін шектеу жүргізіледі.

Бұл ретте осы тармақшада көрсетілген жағдайда, кеден органы шектеуді тексеру нәтижелері туралы хабарлама төлеушіге табыс етілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.

2. Төлеушінің мүлікке билік етуін шектеу туралы шешімді кеден органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешек сомасына шығарады.

3. Төлеушінің мүлікке билік етуін шектеу туралы шешім меншік немесе шаруашылық жүргізу құқығында тиесілі, сондай-ақ осы төлеушінің балансында тұрған мүлікке қатысты шығарылады.

Мыналар:

тіршілікті қамтамасыз ету объектілері;

электр, жылу және өзге де энергия түрлері;

сақтау және (немесе) жарамдылық мерзімі бір жылдан аспайтын тамақ өнімдері немесе шикізат билік етілуін шектеуге жатпайды.

Төлеушінің билік етілуі шектелген, қаржы лизингіне берілген (алынған) не кепілге берілген мүлкін лизинг және (немесе) кепіл шартының қолданылуы тоқтағанға дейін кеден органының алып қоюына тыйым салынады.

Төлеушінің:

кеден органы мүлікке билік етуге шектеу қойған күннен бастап және оныңкүшін жойғанға дейін шарт талаптарын (шарттың қолданылу мерзімін ұзарту, қосалқы лизинг және (немесе) қайта кепілге қою) өзгертуіне;

төлеушінің мүлікке билік етуін шектеу туралы шешім шығарылған кезде кеден органы осы мүлікке қатысты шешім шығарған кезден бастап және оның күші жойылғанға дейін, қаржы лизингі мен кепілді қоса алғанда, жалға берілген мүлікке меншік құқығын жалға алушы мен кепіл ұстаушыға беруіне тыйым салынады.

4. Егер мүлікке билік етуді шектеу туралы шешім өзіне құқықтар немесе өзі бойынша мәмілелер мемлекеттік тіркелуге жататын мүлікке не мемлекеттік тіркелуге жататын мүлікке қатысты қабылданса, кеден органы мүлікке билік етуді шектеу туралы шешім төлеушіге табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей осындай шешімнің көшірмесін мүлікке құқықтар ауыртпалығын тіркеу үшін Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарына жібереді.

Кеден органы мұндай шешімді Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарына қағаз жеткізгіште немесе телекоммуникациялар желісі бойынша беру арқылы электрондық нысанда жібереді.

5. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген шешім төлеушіге табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң кеден органы төлеушіге мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету шарттарын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ескерте отырып, төлеушінің қатысуымен, уәкілетті орган белгіленген нысан бойынша мүлікті тізімдеу актісін жасау арқылы, билік етілуі шектелген мүлікке тізімдеу жүргізеді.

Төлеушінің меншік құқығында өзіне құқықтар немесе өзі бойынша мәмілелер мемлекеттік тіркелуге жататын мүлкі не мемлекеттік тіркелуге жататын мүлкі бар болған кезде, бірінше кезекте, осындай мүлік тізімдеуге ұшырайды.

Билік етілуі шектелген мүлікті тізімдеу төлеушінің бухгалтерлік есепке алу деректерінің немесе нарықтық құнының негізінде айқындалатын мүлікті тізімдеу актісінде көрсетілген баланстық құн көрсетіле отырып жүргізіледі. Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құн нарықтық құн болып табылады.

6. Төлеуші билік етілуі шектелген мүлікті тізімдеу актісін жасау кезінде осындай мүлікке меншік және (немесе) шаруашылық жүргізу құқығын, бухгалтерлік теңгерімді растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе нотариат куәландырған көшірмелерін кеден органының лауазымды адамдарына танысу үшін ұсынуға міндетті. Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелері билік етілуі шектелген мүлікті тізімдеу актісіне қоса беріледі.

Төлеуші осы тармақта көрсетілген құжаттарды ұсынбаған жағдайда, осы баптың 2-тармағында көрсетілген шешімді шығарған кеден органы Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарына осындай төлеушінің меншік және (немесе) шаруашылық жүргізу құқығында осы баптың 4-тармағында көрсетілген мүліктің бар немесе жоқ болу фактісін растау туралы сұрау салу жібереді. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының осы тармақта көрсетілген сұрау салуға жауаптарының көшірмелері билік етілуі шектелген мүлікті тізімдеу актісіне қоса беріледі.

Билік етілуі шектелген мүлікті тізімдеу актісі екі данада жасалады және оған оны жасаған тұлға, сондай-ақ төлеуші және (немесе) оның лауазымды адамы қол қояды. Бұл ретте осындай актінің бір данасы осы баптың 9-тармағында белгіленген тәртіппен төлеушіге табыс етіледі.

7. Төлеуші билік етілуі шектелген мүліктің шектелуі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алып тасталғанға дейін оның табиғи тозу салдарынан болған өзгерістерді және (немесе) қалыпты сақтау жағдайында табиғи кему нәтижесінде болған өзгерістерді қоспағанда, өзгеріссіз күйде сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Бұл ретте төлеуші көрсетілген мүлікке қатысты заңсыз әрекеттері үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.