168-бап. Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілген тұлғалардың қызметін тоқтата тұру және қайта бастау негіздері мен тәртібі
1. Өз тауарларын сақтау қоймасы иесінің қызметін қызмет аймағында қойма құрылған аумақтық кеден органы:
1) өз тауарларын сақтау қоймасы иесінің жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы, өз тауарларын сақтау қоймасының алаңын ұлғайту не азайту туралы өтініші бойынша - өз тауарларын сақтау қоймасының иесі айқындаған мерзімге;
2) өз тауарларын сақтау қоймасының иесі осы Кодексте өз тауарларын сақтау қоймаларына белгіленген талаптар мен міндеттерді сақтамаған кезде - бір айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрады.
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Өз тауарларын сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешімді заңды тұлғаны өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы қабылдайды және ол тоқтата тұру себептері көрсетіле отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесінде:
осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өтініш заңды тұлғаны өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органында тіркелген;
кеден органы осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес мән-жайларды анықтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қалыптастырылады.
Өз тауарларын сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Заңды тұлғаны өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы өз тауарларын сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы тоқтата тұру туралы хабардар етеді.
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Осы баптың 2-тармағында көзделген өз тауарларын сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру туралы шешім күшіне енген күннен бастап заңды тұлғаның өз тауарларын сақтау қоймасының иесі ретіндегі қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Заңды тұлға өз тауарларын сақтау қоймасының иесі ретіндегі қызметті қайта бастау үшін заңды тұлғаны өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органына кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы мынадай:
осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес заңды тұлғаның өз тауарларын сақтау қоймасының иесі ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда қайта бастау үшін қажетті құжаттарды қоса бере отырып (қажет болған кезде), заңды тұлғаның өз тауарларын сақтау қоймасының иесі ретіндегі қызметін қайта бастау;
осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес заңды тұлғаның өз тауарларын сақтау қоймасының иесі ретіндегі қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда өз тауарларын сақтау қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, заңды тұлғаның өз тауарларын сақтау қоймасының иесі ретіндегі қызметін қайта бастау туралы өтініштердің бірін береді.
Заңды тұлғаның өз тауарларын сақтау қоймасының иесі ретіндегі қызметі заңды тұлғаны өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органының өз тауарларын сақтау қоймасы иесінің қызметін қайта бастау туралы шешімі негізінде қайта басталады, ол өз тауарларын сақтау қоймасы иесінің қызметін қайта бастау туралы өтініш тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кеден органдарының ақпараттық жүйесінде қалыптастырылады және кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Заңды тұлғаны өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы өз тауарларын сақтау қоймасы иесінің қызметін қайта бастау туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы өз тауарларын сақтау қоймасы иесі қызметінің қайта басталғаны туралы хабардар етеді.
4. 2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Өз тауарларын сақтау қоймасы иесінің қызметін қайта бастау туралы өтінішті қараған кезде заңды тұлғаны өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы заңды тұлғаның өз тауарларын сақтау қоймасының иесі ретіндегі қызметін тоқтата тұруға алып келген себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды тексереді, сондай-ақ мұндай себептердің жойылғанын және осы баптың 1-тармағына сәйкес мәлімделген мәліметтерді растау мақсатында өтініш иесінің үй-жайлары мен аумақтарын кедендік қарап-тексеруді жүргізеді.
169-бап. Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен шығару
1. Өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен шығару үшін мыналар негіз болып табылады:
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) осы Кодексте белгіленген талаптар мен міндеттерді қатарынан алты ай ішінде екі жəне одан да көп рет бұзу;
2) заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес таратылуы;
3) қайта құру нысанындағы қайта ұйымдастыруды қоспағанда, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы;
4) шешімнің қолданылуын бұрын тоқтата тұрған себептердің осы Кодекстің 168-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген мерзім ішінде жойылмауы;
5) өз тауарларын сақтау қоймасына қатысты мүліктік құқықтардың тоқтатылуы немесе өзгеруі;
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) өз тауарларын сақтау қоймасы иесінің кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген өтініші;
7) осы Кодекстің 168-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өз тауарларын сақтау қоймасының иесі айқындаған мерзім өткенге дейін өз тауарларын сақтау қоймасының қызметін тоқтата тұру мерзімін ұзарту не қайта бастау туралы жазбаша өтініштің болмауы.
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Өз тауарларын сақтау қоймасының иесін өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешімді заңды тұлғаны өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы қабылдайды және ол алып тастау себептері көрсетіле отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесінде:
осы баптың 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес өтініш заңды тұлғаны өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органында тіркелген;
кеден органы осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларына сәйкес мән-жайларды анықтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қалыптастырылады.
Өз тауарларын сақтау қоймасының иесін өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Заңды тұлғаны өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы өз тауарларын сақтау қоймасының иесін өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы алып тасталғаны туралы хабардар етеді.
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Заңды тұлға өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тасталған кезде, оларда сақталатын тауарлар осы баптың 2-тармағында көзделген өз тауарларын сақтау қоймасының иесін өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей уақытша сақтау қоймасына орналастырылуға не осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдермен орналастырылуға тиіс.
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Заңды тұлға осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тасталған кезде өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы қайта берілген өтінішті аумақтық кеден органы өз тауарларын сақтау қоймасының иесін өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім күшіне енген күннен бастап бір жыл өткен соң қарайды.
2021.05.01. № 407-VI ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Осы баптың 2-тармағында көзделген өз тауарларын сақтау қоймасының иесін өз тауарларын сақтау қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім күшіне енген күннен бастап заңды тұлғаның өз тауарларын сақтау қоймасының иесі ретіндегі қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.
170-бап. Орындарда тауарға қатысты өкілеттіктерге ие тұлғаның өтініші бойынша уақытша сақтау
1. Тауарға қатысты өкілеттіктерге ие тұлғаның өтініші бойынша тауарларды уақытша сақтау:
1) уақытша сақтау орындары немесе қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілмеген алушының қоймасында;
2) көлік құралы алушының меншігіндегі, шаруашылық жүргізуіндегі, жедел басқаруындағы немесе ол жалдау құқығында пайдаланатын үй-жайларда немесе ашық алаңдарда болған жағдайда автомобиль көлік құралдарында;
3) алушының меншігіндегі, шаруашылық жүргізуіндегі, жедел басқаруындағы немесе ол жалдау құқығында пайдаланатын теміржол жолының учаскесіндегі теміржол көлік құралдарында;
4) алушы немесе өздерінің габариттері салдарынан 165-баптың 1-тармағында және осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген уақытша сақтау орындарда орналастыруға мүмкін болмайтын ірі габаритті тауарларға қатысты өкілеттіктерге ие өзге тұлға айқындаған орындарда көрсетілген тауарларды мұндай орындарда сақтау мүмкіндігін растайтын құжаттар ұсыныла отырып жүзеге асырылады.
2. Тауарларды уақытша сақтау осы Кодекстің 10-тарауына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттің орындалуын міндетті түрде қамтамасыз ете отырып, осы баптың 1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Тауарларды осы Кодекстің 28-бабының талаптарына сәйкес келетін көлік құралдарында уақытша сақтау осындай тауарларды уақытша сақтаудың бүкіл мерзімі ішінде сәйкестендіру құралдарының тұтастығы қамтамасыз етілген кезде жүзеге асырылады.
4. Тауарларды осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес уақытша сақтаған кезде тауарға қатысты өкілеттіктерге ие тұлға осы Кодекстің 165-бабы 3-тармағының 1), 4) және 5) тармақшаларында және 5-тармағында белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
Тауарларды осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес уақытша сақтаған кезде тауарға қатысты өкілеттіктерге ие тұлға осы Кодекстің 165-бабының 5-тармағында белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
171-бап. Тауарларды уақытша сақтауға орналастыруға байланысты кедендік операциялар және оларды жасау тәртібі
1. Тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін тасымалдаушы немесе тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге тұлға кеден органына тауарлар, тауарларды жөнелтуші және алушы, оларды жөнелтуші ел және межелі ел туралы мәліметтерді қамтитын көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) кедендік құжаттарды не электрондық құжат түрінде ұсынылған алдын ала ақпараттың тіркеу нөмірі туралы мәліметтерді қамтитын құжатты ұсынады.
Құжаттарды кеден органына беру электрондық нысанда жүзеге асырылуы мүмкін.
2. Кеден органы тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды осындай құжаттар кеден органына берілген кезден бастап бір сағаттан кешіктірмей тіркейді және осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғаға құжаттардың тіркелгені туралы растаманы береді.
Кеден органының тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеуге және олардың тіркелгені туралы растаманы беруге байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
3. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды кеден органы тіркегеннен кейін тауарлар уақытша сақтауда тұрған болып есептеледі.
4. Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға қоныс аудару, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес босқын, қандас мәртебесін алу ниеті бар шетелдік жеке тұлғаның жеке пайдалануға арналған тауарларын уақытша сақтауға орналастыруға байланысты кедендік операциялар осы Кодекстің 342-бабын ескере отырып жасалады.
5. Тауарларды екінші немесе үшінші типтегі куәліктері бар уәкілетті экономикалық оператордың кедендік бақылау аймағы болып табылатын құрылыстарына, үй-жайларына (үй-жайларының бөліктеріне) және (немесе) ашық алаңдарына (ашық алаңдарының бөліктеріне) жеткізу кезінде тауарларды уақытша сақтауға орналастыруға байланысты кедендік операциялар осы Кодекстің 539-бабы ескеріле отырып жасалады.
172-бап. Тауарларды уақытша сақтау мерзімі
1. Тауарларды уақытша сақтау мерзімі кеден органы тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген күннен кейінгі күннен бастап есептеледі және осы баптың 2-тармағында және осы Кодекстің 342-бабында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, төрт айды құрайды.
Комиссия тауарлардың жекелеген санаттары үшін уақытша сақтау мерзімін осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімнен кем айқындауға құқылы.
2. Халықаралық пошта алмасу орындарында (мекемелерінде) сақталатын халықаралық пошта жөнелтілімдеріне қатысты, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы әуе көлігімен өткізілетін жолаушы алмаған немесе талап етпеген жүкке қатысты уақытша сақтау мерзімі алты айды құрайды.
3. Тауарларды уақытша сақтау мерзімі аяқталған соң шығару жүргізілмеген не оларға қатысты тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан шығарылуына кеден органының рұқсаты алынбаған тауарларды, егер шетелдік тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарлардың орын ауыстыру жерлерінде сақталса, кеден органы осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідіртеді.
Егер кедендік декларацияны кеден органы уақытша сақтау мерзімі аяқталғанға дейін тіркеген, бірақ кеден органы тауарларды уақытша сақтау мерзімі өткен соң тауарларды шығаруды жүргізбеген не тауарларды шығарудан бас тартпаған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарларды кеден органы кідіртпейді. Тауарларды шығарудан бас тартылған жағдайда, уақытша сақтау мерзімі өткен тауарларды кеден органы осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідіртеді.
173-бап. Уақытша сақтауда тұрған тауарлармен жасалатын операциялар
1. Уақытша сақтауда тұрған тауарларға қатысты өкілеттіктері бар тұлғалар осындай тауарлармен олардың өзгермейтін күйде сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті операцияларды жасауға, оның ішінде тауарларды қарап-тексеруге және өлшеуге, уақытша сақтау орны шегінде олардың орнын ауыстыруға құқылы.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген операциялар, оның ішінде тауарлардың сынамаларын және (немесе) үлгілерін алу, зақымданған орамасын түзету, тауарлардың санын және (немесе) сипаттамаларын айқындау үшін орамасын ашу, сондай-ақ тауарларды кейіннен тасымалдауға (тасуға) дайындау үшін қажетті операциялар кеден органының рұқсатымен жасалады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген рұқсатты алу үшін уақытша сақтауда тұрған тауарларға қатысты өкілеттіктері бар тұлға қызмет аймағында осындай уақытша сақтау орны орналасқан кеден органының уәкілетті лауазымды адамына еркін нысанда жасалған өтінішті ұсынады.
Осындай өтінішті қарау мерзімі кеден органының уәкілетті лауазымды адамы көрсетілген өтінішті алған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген операцияларды жүргізуге арналған рұқсатты не мұндай рұқсаттан бас тартуды өтінішке белгілер қою арқылы кеден органының уәкілетті лауазымды адамы ресімдейді.
Егер оларды жүзеге асыру тауарларды жоғалтуға немесе олардың
күйін өзгертуге алып келетін болса, кеден органы мұндай операцияларды жүргізуге рұқсат беруден бас тартады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген операцияларды жүргізуден бас тартылған жағдайда, кеден органының уәкілетті лауазымды адамы мұндай бас тартудың негізін көрсетеді.
3. Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға қоныс аударуға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес босқын, қандас мәртебесін алуға ниеті бар шетелдік жеке тұлғаның уақытша сақтауда тұрған жеке пайдалануға арналған тауарларымен жасалатын операциялар осы Кодекстің 342-бабына сәйкес жасалады.
174-бап. Тауарларды уақытша сақтау кезінде кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндеттің туындауы мен тоқтатылуы, оларды төлеу мерзімі және есептеу
1. Уақытша сақтауға орналастырылатын шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет:
1) тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін құжаттарды ұсынған тасымалдаушыда немесе тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге тұлғада - кеден органы осы құжаттарды тіркеген кезден бастап;
2) уақытша сақтау қоймасының иесінде - тауарларды уақытша сақтау қоймасында орналастырған кезден бастап;
3) уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында тауарларды уақытша сақтауды жүзеге асыратын тұлғада - кеден органы тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеген кезден бастап туындайды.
2. Уақытша сақтауға орналастырылатын (орналастырылған) шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет мынадай:
1) тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін құжаттарды ұсынған тасымалдаушыда немесе тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге тұлғада:
тауарларды уақытша сақтау қоймасына орналастыру не оларды уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында уақытша сақтауға өзге тұлғаның қабылдауы;
осы баптың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейін тауарларды шетелдік тауарларға қолданылатын кедендік рәсімдермен орналастыру;
2) уақытша сақтау қоймасының иесінде:
тауарларды уақытша сақтау қоймасынан оларды кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты беру;
тауарларды осы баптың 4-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейін шетелдік тауарларға қолданылатын кедендік рәсімдермен орналастыру;
3) уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында тауарларды уақытша сақтауды жүзеге асыратын тұлғада - тауарларды осы баптың 4-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейін шетелдік тауарларға қолданылатын кедендік рәсімдермен орналастыру;
4) осы баптың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларда:
кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетті орындау және (немесе) оларды осы баптың 5-тармағына сәйкес есептелген және төлеуге жататын мөлшерлерде өндіріп алу;
кеден органы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен шетелдік тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күштің әсері салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не қалыпты тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау жағдайлары кезіндеосы тауарлардың табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалу фактісін таныған кезде тоқтатылады, бұған осы Кодекске сәйкес осындай жойылғанға және (немесе) қайтарымсыз жоғалғанға дейін осы шетелдік тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демапингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі басталған жағдайлар жатпайды;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тауарларды тәркілеу немесе мемлекет меншігіне айналдыру;
кеден органының тауарларды осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес ұстауы;
қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабарды тексеру барысында, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу барысында алып қойылған немесе тыйым салынған және егер бұрын осындай тауарларды шығару жүргізілмеген болса, соларға қатысты оларды қайтару туралы шешім қабылданған тауарларды уақытша сақтауға қою немесе кедендік рәсімдердің бірімен орналастыру мән-жайлары басталған кезде тоқтатылады.
3. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндет орындалуға жатады.
4. Мынадай мән-жайлар басталған кезде мыналар кедендік әкелу баждарын, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу мерзімі болып есептеледі:
1) тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін құжаттарды ұсынған тасымалдаушы немесе тауарларға қатысты өкілеттіктері бар өзге тұлға үшін:
авария немесе еңсерілмейтін күштің әсері салдарынан жойылуды және (немесе) қайтарымсыз жоғалуды не қалыпты тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау жағдайлары кезінде табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалуды қоспағанда, уақытша сақтауға орналастырылған тауарлар уақытша сақтау қоймасына орналастырғанға немесе оларды уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында уақытша сақтауға өзге тұлға қабылдағанға дейін жоғалған жағдайда - осындай жоғалу күні, ал егер бұл күн белгіленбесе - тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды кеден органы тіркеген күн;
уақытша сақтауға орналастырылған тауарлар оларды уақытша сақтау қоймасына орналастырғанға не оларды өзге тұлға уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында уақытша сақтауға қабылдағанға дейін алушыға немесе өзге тұлғаға кеден органының рұқсатынсыз берілген жағдайда - осындай беру күні, ал егер бұл күн белгіленбесе - тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды кеден органы тіркеген күн;
2) уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында тауарларды уақытша сақтауды жүзеге асыратын тұлға үшін:
авария немесе еңсерілмейтін күштің әсері салдарынан жойылуды және (немесе) қайтарымсыз жоғалуды не қалыпты тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау жағдайлары кезінде табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалуды қоспағанда, уақытша сақтауға орналастырылған тауарлар уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында орналастырғанға дейін жоғалған жағдайда - осындай жоғалу күні, ал егер бұл күн белгіленбесе - тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды кеден органы тіркеген күн;
уақытша сақтауға орналастырылған тауарлар уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында оларды орналастырғанға дейін алушыға немесе өзге тұлға кеден органының рұқсатынсыз берілген жағдайда - осындай беру күні, ал егер бұл күн белгіленбесе - тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды кеден органы тіркеген күн;
3) уақытша сақтау қоймасының иесі не уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында тауарларды уақытша сақтауды жүзеге асыратын тұлға үшін:
авария немесе еңсерілмейтін күштің әсері салдарынан жойылуды және (немесе) қайтарымсыз жоғалуды не қалыпты тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау жағдайлары кезінде табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалуды қоспағанда, уақытша сақтау қоймасында немесе уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында сақталатын тауарлар жоғалған жағдайда - осындай жоғалу күні, ал егер бұл күн белгіленбесе - тауарлар уақытша сақтау қоймасында не уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында орналастырылатын күн;
уақытша сақтау қоймасында немесе уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында сақталатын тауарлар кеден органының рұқсатынсыз алушыға немесе өзге тұлғаға берілген жағдайда - осындай беру күні, ал егер бұл күн белгіленбесе - тауарлар уақытша сақтау қоймасында не уақытша сақтау қоймасы болып табылмайтын орында орналастырылатын күн;
тауарларды алушының қоймасында сақталатын тауарлар тауарларды уақытша сақтау мақсатында пайдаланылмаған жағдайда - осындай пайдалану күні, ал егер бұл күн белгіленбесе - тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды кеден органы тіркеген күн.
5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде кедендік әкелу баждары, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары тауарлар кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі тарифтік преференциялар мен жеңілдіктерді қолданбай, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастырылғандай төленуге тиіс.