Жеке тұлғаларға өткізуге арналған шетелдік тауарлардың және электрондық сауда тауарларының авария немесе еңсерілмейтін күш әрекетінің салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не осы тауарлардың тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезінде табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалу фактісін тану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 373 бұйрығы
(2026.20.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022.18.10. № 1077 бұйрығымен (2022 ж. 2 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Қаржы министрінің 2026.03.11. № 739 бұйрығымен (2026 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді, бірақ 2023 ж. 25 желтоқсанда қол қойылған Еуразиялық экономикалық одақтың 2017 ж. 11 сәуірдегі Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама күшіне енген күннен ерте емес қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022.18.10. № 1077 бұйрығымен (2022 ж. 2 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Қаржы министрінің 2026.03.11. № 739 бұйрығымен (2026 ж. 20 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді, бірақ 2023 ж. 25 желтоқсанда қол қойылған Еуразиялық экономикалық одақтың 2017 ж. 11 сәуірдегі Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама күшіне енген күннен ерте емес қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 34-бабы 7-тармағының 8) тармақшасына, 88-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, 174-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, 305-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 306-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына, 322-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, 328-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына, 392-6-бабы 4-тармағының 4) тармақшасына және 15-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: