2) кеден органдары кедендік операциялар жасауды жеделдету және кедендік бақылау жүргізуді оңтайландыру үшін пайдаланатын алдын ала ақпарат құрамына бөлінеді.
3. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген мақсаттарда айқындалатын құрамдағы алдын ала ақпарат міндетті түрде ұсынылады.
Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген мақсаттарда айқындалатын құрамдағы алдын ала ақпарат оны ұсына алатын тұлғалардың қалауы бойынша ұсынылады.
4. Алдын ала ақпарат электрондық құжат түрінде ұсынылуы мүмкін.
Электрондық құжат түрінде ұсынылған алдын ала ақпарат тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуі туралы хабардар етуге, тауарларды уақытша сақтауға орналастыруға, кедендік декларациялауға байланысты кедендік операциялар жасау, сондай-ақ Комиссия айқындайтын өзге де кедендік операциялар жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін.
5. Алдын ала ақпарат тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келгенге дейін, аумағында тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілуі жоспарланған орны орналасқан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің кеден органына ұсынылады.
6. Алдын ала ақпарат интернет-ресурстар пайдаланыла отырып, кеден органының ақпараттық жүйесі мен алдын ала ақпаратты ұсынатын тұлғалардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылы арқылы және (немесе) Комиссия айқындайтын өзге де тәсілмен ұсынылады.
Алдын ала ақпарат кеден органының ақпараттық жүйесі мен тасымалдаушылардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылы арқылы ұсынылған жағдайда, тасымалдаушылардың ақпараттық жүйелеріне қойылатын техникалық талаптарды қоса алғанда, мұндай өзара іс-қимыл тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
7. Алдын ала ақпарат тұлғаның таңдауы бойынша қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде ұсынылады.
8. Кеден органы ұсынылған алдын ала ақпаратты Комиссия айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде тіркейді немесе оны тіркеуден бас тартады.
9. Кеден органы ұсынылған алдын ала ақпаратты оған тіркеу нөмірін беру арқылы тіркейді.
10. Кеден органы, егер ұсынылған ақпарат Комиссия айқындаған құрамға, құрылым мен форматқа және (немесе) осы баптың 7-тармағында көзделген талапқа сәйкес келмесе, алдын ала ақпаратты тіркеуден бас тартады.
11. Алдын ала ақпараттың тіркеу нөмірі көрсетіле отырып, алдын ала ақпаратты тіркеу туралы не бас тарту себептері көрсетіле отырып, оны тіркеуден бас тарту туралы мәліметтер алдын ала ақпаратты ұсынған тұлғаға электрондық нысанда жіберіледі.
12. Алдын ала ақпарат кеден органдарының ақпараттық жүйелерінде ол тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, ал егер Комиссия өзге мерзімді айқындаған болса, - Комиссия айқындаған мерзім ішінде сақталады, содан кейін кеден органдары мұндай ақпаратты алдын ала ақпарат ретінде пайдаланбайды.
Комиссия кеден органдарының ақпараттық жүйелерінде алдын ала ақпаратты сақтаудың осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзімнен өзге мерзімін айқындауға құқылы.
13. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына міндетті түрде ұсынылуға тиіс алдын ала ақпарат ұсынылмай немесе оның ұсынылу мерзімі бұзыла отырып келген тауарлар, сондай-ақ осындай алдын ала ақпаратты белгіленген мерзімдерде ұсынбаған тұлғалар Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын бұзу тәуекелінің деңгейі жоғары санатқа жатады.
Міндетті түрде ұсынылуға тиіс алдын ала ақпарат ұсынылмаған немесе оны ұсыну мерзімдері бұзылған кезде, тауарларды кедендік жете тексеру не кедендік бақылаудың өзге нысандары және (немесе) тәуекелдерді басқару жүйесі айқындаған кедендік бақылаудың жүргізілуін қамтамасыз ететін шаралар қолданылады.
Кеден органдары пайдаланатын ақпараттық жүйелерде байланыс құралдары (телекоммуникациялық желілер және Интернет желісі) жұмысының техникалық іркілістерінен, бұзылуынан, электр энергиясының өшіп қалуынан болған ақаулықтарға байланысты кеден органдары тауарларға қатысты алдын ала ақпаратты ала алмаған және (немесе) өңдей алмаған тауарлар бойынша осындай тауарларға қатысты кедендік бақылау нысандарын қолдану туралы шешімді кеден органы келу кезінде ұсынылған мәліметтер (құжаттар) негізінде қабылдайды.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген жағдайларда, осы баптың 3-тармағының ережелері алдын ала ақпаратты міндетті түрде ұсыну бөлігінде қолданылмайды. Бұл ретте тауарларға қатысты кедендік операциялар Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
1) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін, жеке пайдалануға арналған тауарларға;
2) халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберілетін тауарларға;
3) осы Кодекстің 379-бабының 1-тармағында көрсетілген тауарларға;
4) дүлей зілзалалардың, авариялар мен апаттардың салдарларын жою үшін өткізілетін тауарларға;
5) мәртебесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген рұқсатнамамен (әскери рұқсатнамамен) расталатын әскери жүктерге;
6) келу орнында арнайы кедендік рәсіммен орналастырылатын тауарларға;
7) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағы арқылы тасымалданатын Еуразиялық экономикалық одақ тауарларына;
8) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін және шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелеріне толық немесе ішінара сәйкес келетін ЕЭА аумағына әкелінетін тауарларға;
9) Комиссия айқындайтын жағдайларда өзге де тауарларға қатысты ұсынылмауы мүмкін.
15. Құбыржол көлігімен немесе электр беру желілері арқылы өткізілетін тауарларға қатысты алдын ала ақпарат ұсынылмайды.
16. Алдын ала ақпараттың құрамын, осындай ақпараттың құрылымы мен форматын, алдын ала ақпаратты, оның ішінде электрондық құжат түрінде ұсынылатын алдын ала ақпарат ұсыну тәртібі мен мерзімдерін, электрондық құжат түріндегі алдын ала ақпаратты қалыптастыру және пайдалану тәртібін, алдын ала ақпаратты кеден органдарына ұсынуға міндетті не құқылы тұлғаларды Комиссия тауарларды тасымалдау (тасу) жүзеге асырылатын көлік түріне және кеден органының осындай алдын ала ақпаратты пайдалану мақсаттарына қарай айқындайды.
17. Кедендік декларациялануы Комиссия айқындайтын жағдайларда және тәртіппен, осы Кодекстің 185-бабында айқындалған ерекшеліктерімен, ал оларды Комиссия айқындағанға дейін - осы Кодекстің 185-бабында көзделген жағдайларда және уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылатын тауарларға қатысты берілген электрондық құжат түріндегі кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтер алдын ала ақпарат ретінде пайдаланылуы мүмкін.
32-бап. Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде тыйым салулар мен шектеулерді сақтау
1. Белгіленген тыйым салулар мен шектеулерге сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінуге жатпайтын, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келген тауарлар, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында, Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында өзгеше белгіленбесе, оларды осылай әкету мақсатында халықаралық тасымалдаудың басқа көлік құралына қайта тиеуді қоспағанда, халықаралық тасымалдаудың көлік құралынан түсірілмей, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан дереу әкетілуге тиіс.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету шараларын - тасымалдаушы, ал ол болмаған кезде, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында өзге тұлғалар айқындалмаса, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде оларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығына ие тұлға қабылдайды.
2. Белгіленген тыйым салулар мен шектеулерге сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілуге жатпайтын тауарлар, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше белгіленбесе, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан іс жүзінде әкетіле алмайды.
3. Тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келген немесе тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кеткен кезде тыйым салулар мен шектеулердің сақталмағаны анықталған жағдайда, кеден органы тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге немесе тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге тыйым салу туралы шешім қабылдайды және оны кеден органы тыйым салу туралы осындай шешім қабылдаған кезден бастап үш сағаттан кешіктірмей, көліктік (тасымалдау) құжаттарға тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге немесе тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге тыйым салу туралы белгі қою арқылы немесе кеден органының ақпараттық жүйесі мен тасымалдаушының ақпараттық жүйесі арасында өзара іс-қимыл боған кезде, осындай тыйым салу туралы хабарламаны электрондық нысанда жіберу арқылы -тасымалдаушының, ал ол болмаған кезде тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу кезінде немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету кезінде тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығына ие тұлғаның назарына жеткізеді.
4. Кеден органының тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге тыйым салу туралы шешімін алғаннан кейін осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан дереу әкету мүмкін болмаған жағдайда, кеден органдары осындай тауарларды осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідіртеді.
5. Кеден органының тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге тыйым салу туралы шешімі алынған және оларды кеден органының тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуге тыйым салу туралы шешімі алынған күннен кейінгі күннен бастап есептелген бір жұмыс күні ішінде кету орнынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына қайтару жүзеге асырылмаған кезде, кеден органдары осы баптың 2-тармағында көрсетілген тауарларды осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідіртеді.
Осы баптың 2-тармағында көрсетілген, су, әуе немесе теміржол көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты кеден органының осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кідіртуі оларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру кезінде порттың, әуежайдың немесе теміржол станциясының технологиялық процестерінде (графигінде) белгіленген уақыт ішінде кету орнынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына қайтару жүзеге асырылмаған кезде жүргізіледі.
33-бап. Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында немесе оның шегінен тыс жерлерде иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету
1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын кесіп өткеннен кейін және кеден органы шығарғанға дейін иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету - осы тарауда, осы Кодекстің 15 және 17-тарауларында белгіленген тәртіппен және шарттарда, ал жекелеген тауар санаттарына қатысты осы Кодекстің 39, 40, 41, 42, 43, 44 және 45-тарауларына сәйкес белгіленген тәртіппен және шарттарда да жүзеге асырылады.
Декларанттың таңдауы бойынша тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен орналастыруға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген лизинг, қаржы лизингі, жалдау туралы шарттар мен өзге де мәміле түрлері негізінде жол беріледі.
2. Тауарларды кеден органы шығарғаннан кейін оларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында немесе оның шегінен тыс жерлерде иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету тауарлар орналастырылған кедендік рәсімге сәйкес немесе кедендік рәсімдермен орналастырылмай кедендік декларациялауға және (немесе) шығаруға жататын жекелеген тауар санаттары үшін белгіленген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады.
3. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарларды кету орнына келгеннен кейін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын кесіп өткенге дейін иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету - осы тарауда, осы Кодекстің 16-тарауында белгіленген тәртіппен және шарттарда, ал жекелеген тауар санаттарына қатысты сондай-ақ осы Кодекстің 39, 40, 41, 42, 43, 44 және 45-тарауларына сәйкес белгіленген тәртіппен және шарттарда да жүзеге асырылады.
34-бап. Тауарлардың кедендік бақылауда болуы
1. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын кесіп өткен кезден бастап кедендік бақылауда болады.
2. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін Еуразиялық экономикалық одақ тауарлары кедендік декларация тіркелген не тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетуді жүзеге асыруға тікелей бағытталған әрекеттер жасалған кезден бастап кедендік бақылауда болады.
3. Осы Кодекске сәйкес шетелдік тауарлар мәртебесін алған, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында алынған (түзілген) және тұрған қайта өңдеу өнімдері, қалдықтар мен қалғандары алынған (түзілген) кезінен бастап кедендік бақылауда тұр деп есептеледі.
4. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар, сондай-ақ еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан және Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларынан дайындалған (алынған) тауарлар дайындалған (алынған) кезінен бастап кедендік бақылауда тұр деп есептеледі.
Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлар, сондай-ақ еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардан және Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларынан дайындалған (алынған) тауарлар дайындалған (алынған) кезінен бастап кедендік бақылауда тұр деп есептеледі.
5. Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) Еуразиялық экономикалық одақ тауарлары, порттық ЕЭА немесе логистикалық ЕЭА аумағына әкелінетін (әкелінген) және порттық ЕЭА немесе логистикалық ЕЭА аумағына әкелінген кезінен бастап кедендік бақылауда болатын Еуразиялық экономикалық одақ тауарларын қоспағанда, тауарларды осы кедендік рәсіммен орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларация тіркелген кезден бастап кедендік бақылауда болады.
Еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларынан дайындалған (алынған) тауарлар және еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларынан және еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылмаған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларынан дайындалған (алынған) тауарлар дайындалған (алынған) кезінен бастап кедендік бақылауда тұр деп есептеледі.
6. Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) Еуразиялық экономикалық одақ тауарлары тауарларды осы кедендік рәсіммен орналастыру үшін берілген тауарларға арналған декларация тіркелген кезден бастап кедендік бақылауда болады.
Еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларынан дайындалған (алынған) тауарлар және еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларынан және еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылмаған Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларынан дайындалған (алынған) тауарлар дайындалған (алынған) кезінен бастап кедендік бақылауда тұр деп есептеледі.
7. Осы баптың 1 және 3-тармақтарында көрсетілген тауарлар, сондай-ақ осы баптың 4-тармағында көрсетілген, осы Кодекстің 290 және 299-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары деп танылмаған тауарлар:
1) осы баптың 12-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, осы Кодекске сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары мәртебесін алу;
2) осы тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан іс жүзінде әкету;
3) жою кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды іс жүзінде жою;
4) кедендік аумақта қайта өңдеу кедендік рәсімімен немесе ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлардың бір бөлігін өндірістік ысырап деп тану;
5) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу, ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу операцияларын жасау және жоюдың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды жою нәтижесінде түзілген қалдықтарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану немесе кеден органына түзілген қалдықтарды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге тәсілмен жою фактісін және оларды осындай операцияларды жасау үшін беру фактісін растайтын құжаттарды ұсыну;
6) қайтып ұшып келетін ғарыштық ұшу аппараты мен ондағы тауарларды қоспағанда, осы тауарларды ғарыш кеңістігіне ұшыру;
7) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағы арқылы тасымалданатын Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларына қатысты кедендік транзит кедендік рәсімінің қолданысы аяқталған;
8) осы тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күш әрекетінің салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не осы тауарлардың тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезінде табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалу фактісін кеден органының уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тануы;
9) осы Кодекстің 287-бабы 10-тармағының 1) тармақшасында және 296-бабы 7-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайларда, кеден органына осы тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге тәсілмен жою фактісін растайтын құжаттарды ұсыну;
10) осы Кодекстің 287-бабы 10-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда, еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау;
11) осы Кодекстің 349-бабының 8-тармағына сәйкес белгіленген, жеке пайдалануға арналған тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кедендік баждарды, салықтарды төлеуден және (немесе) осы тауарларды пайдалану және (немесе) оларға билік ету жөніндегі шектеулерден босата отырып әкелу шарттарын бұзатын әрекеттер жасалған жағдайда, кедендік баждарды, салықтарды төлеуден босатылып әкелінген жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеу және (немесе) өндіріп алу;
12) осы Кодекстің 355-бабы 2-тармағы 2) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген, шартты түрде шығарылған тауарлар болып саналатын халықаралық тасымалдау көлік құралдарын және осы Кодекстің 355-бабы 2-тармағы 2) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген халықаралық тасымалдау көлік құралдарын қоспағанда, оларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына қайта әкелу кезінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан уақытша әкетілген халықаралық тасымалдың көлік құралдарын шығару;
13) осы Кодекстің 362-бабының 8-тармағында көрсетілген мән-жайлар басталған кезде халықаралық тасымалдаудың уақытша әкелінген көлік құралдарына қатысты кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы баждарды, өтемақы баждарын төлеу және (немесе) өндіріп алу;
14) осы Кодекске және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарларды мемлекет пайдасына бас тарту немесе мемлекет меншігіне айналдыру кедендік рәсімімен орналастыру;
15) кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының бір бөлігін кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу шарттары туралы құжатқа сәйкес өндірістік ысырап деп тану;
16) осы Кодекстің 296-бабы 7-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда, еркін қойма кеден рәсімінің қолданысын аяқтау мән-жайлары;
17) Комиссия айқындайтын және (немесе) осы Кодексте айқындалатын өзге мән-жайлар басталғанға дейін кедендік бақылауда болады.
8. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген Еуразиялық экономикалық одақ тауарлары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын іс жүзінде кесіп өткенге, осы Кодекстің 184-бабына сәйкес кедендік декларация кері қайтарып алынғанға дейін не осы баптың 9 және 10-тармақтарында көрсетілген мән-жайлар басталғанға дейін кедендік бақылауда болады.
9. Кедендік декларациялауға жатпайтын, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар, сондай-ақ өздеріне қатысты шығарудан бас тартылған жеке пайдалануға арналған тауарлар мынадай мән-жайлардың бірі басталған:
1) осындай тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын іс жүзінде кесіп өткенге дейін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекет меншігіне айналдырылған не уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кеден органы осы тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күш әсерінен жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезінде табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалу фактісін таныған;
2) осындай тауарлар кету орнынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының қалған бөлігіне кеден органының рұқсатымен шығарылған кезде кедендік бақылауда деп саналмайды.
10. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу кедендік рәсімімен немесе уақытша әкету кедендік рәсімімен орналастырылған және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілген Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары тиісті кедендік рәсімнің қолданысы аяқталғанға немесе тоқтатылғанға дейін кедендік бақылауда болады.
11. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген, осы Кодекстің 290 және 299-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары деп танылған тауарлар, сондай-ақ осы баптың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары:
1) егер еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің немесе еркін қойма кедендік рәсімінің қолданысы осы тауарларды экспорт кедендік рәсімімен орналастырумен аяқталса, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасын іс жүзінде кесіп өту;
2) осы тауарларды кері импорт кедендік рәсімімен орналастыру;
3) осы тауарлардың авария немесе еңсерілмейтін күш әрекетінің салдарынан жойылу және (немесе) қайтарымсыз жоғалу фактісін не осы тауарлардың тасымалдаудың (тасудың) және (немесе) сақтаудың қалыпты жағдайлары кезінде табиғи кему нәтижесінде қайтарымсыз жоғалу фактісін кеден органының уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тануы;
4) осы Кодекстің 287-бабы 10-тармағының 1) тармақшасында және 296-бабы 7-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайларда, кеден органына осы тауарларды көму, залалсыздандыру, кәдеге жарату немесе өзге тәсілмен жою фактісін растайтын құжаттарды ұсыну;
5) осы Кодекстің 287-бабы 10-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда, еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданысын аяқтау мән-жайлары басталғанға дейін кедендік бақылауда болады.
12. Еуразиялық экономикалық одақ тауарлары мәртебесін алған және кедендік декларациялануы осы Кодекстің 190-бабында айқындалған ерекшеліктермен жүзеге асырылған тауарлар тауардың соңғы құрауышы шығарылған күнге дейін не осы Кодекстің 190-бабының 8-тармағына сәйкес тауарларға арналған декларациядағы мәліметтерге тауар құрауыштарына қатысты өзгерістер (толықтырулар) енгізілгенге дейін кедендік бақылауда болады.
13. Осы Кодекстің 287-бабының 12 және 13-тармақтарында көрсетілген, еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар осы тармақтарда көзделген жағдайларда, осы Кодекстің 287-бабының 12 және 13-тармақтарына сәйкес осы тауарларға қатысты еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданысы аяқталғанға дейін кедендік бақылауда болады.
14. Осы Кодекстің 296-бабының 8-тармағында көрсетілген, еркін қойма кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар осы тармақта көзделген жағдайда, осы Кодекстің 296-бабының 8-тармағына сәйкес осы тауарларға қатысты еркін қойма кедендік рәсімінің қолданысы аяқталғанға дейін кедендік бақылауда болады.
15. Бажсыз сауда кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары осы Кодекстің 327-бабының 1-тармағына және 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тауарларды осы кедендік рәсіммен орналастыру үшін берілген кедендік декларация тіркелген кезден бастап бажсыз сауда кедендік рәсімінің қолданысы аяқталғанға дейін кедендік бақылауда болады.
35-бап. Жарамсыз болып қалған, бұзылған немесе зақымданған тауарлар
1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген тауарларды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген, кедендік декларацияланғанға дейін, оның ішінде оларды уақытша сақтау кезеңінде, сондай-ақ кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалдау (тасу) кезінде аварияның немесе еңсерілмейтін күш әсерінің салдарынан жарамсыз болып қалған, бұзылған немесе зақымданған тауарлар одан әрі оларға қатысты кедендік операциялар жасау кезінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына жарамсыз, бұзылған немесе зақымданған күйде әкелінген тауарлар ретінде қарастырылады.