«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 шілдедегі № 345 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 28 мамырдағы № 201-н/қ бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

 «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 шілдедегі № 345 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 28 мамырдағы № 201-н/қ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 шілдедегі № 345 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14155 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын қалыптастыру қағидаларында:

5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«5. ЖЭК пайдаланудың жұмыс істейтін объектілерінің тізімі Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 74 бұйрығымен бекітілген Жаңартылатын энергия көздерінің пайдаланылуына және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша жоспарланатын объектілердің іске асырылуына мониторинг жүргізу қағидаларына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10455 болып тіркелген) (бұдан әрі - Мониторинг жүргізу қағидалары) сәйкес қалыптастырылады.»;

7-1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«7-1. ЖЭК орналастыру жоспарын өзектілендіруді уәкілетті орган мынадай жағдайларда:

1) аукциондық сауда-саттық нәтижелері бойынша;

2) басым тұтынушылардан келіп түскен өтініштерді қарау қорытындылары бойынша;

3) Мониторинг жүргізу қағидаларына сәйкес мониторинг нәтижелері негізінде;

4) осы Қағидалардың 7-2-тармағында көзделген жағдайлар туындаған кезде;

5) жер учаскесінің сипаттамалары сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес келмеген кезде;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.