Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 68 бұйрығы
Осы редакция 2020 жылғы 10 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті (А.С. Соспанова):
1) осы бұйрықты облыс әкімдіктерінің, жүйелік оператордың және энергия беруші ұйымдардың назарына жеткізсін;
2) осы бұйрықты бекітілген күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Б.М. Жақсалиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.