«Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 20 маусымдағы № 55 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 2 маусымдағы № 65 бұйрығы

 «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 20 маусымдағы № 55 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 2 маусымдағы № 65 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 20 маусымдағы № 55 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының тізілімі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының тізілімін қалыптастыру, жүргізу және өзектілендіру қағидаларында:

1-тармақтың төртінші және бесінші абзацтары 2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі

2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) «Бизнестің цифрлық картасы» - кәсіпкерлік субъектілері туралы мәліметтер негізінде «цифрлық үкімет» платформасында іске асырылған ақпараттық-талдамалық модуль;»;

1-тармақтың алтыншы және жетінші абзацтары 2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді

2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) жеке кәсіпкерлік субъектілері - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар және мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғалар;».

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына орналастыру үшін жолдауды қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.