«Ластану учаскелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 151 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 18 сәуірдегі № 141 бұйрығы
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 135 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ластану учаскелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 151 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10042 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 16 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ластану учаскелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:
1 және 2-қосымшаларын осы бұйрықтың қосымшаларына сәйкес, жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Қалдықтар басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімдік баспа басылымдарына жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;