«Пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орнын (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу өлшемшарттарын, сондай-ақ Рентабельділік деңгейін және ішкі рентабельділік нормасының деңгейін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 282 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 22 тамыздағы № 664 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 1102 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Пайдалы қазбалардың қатты түрлерінің кен орнын (жер қойнауын пайдалануға арналған бір келісімшарт бойынша кен орындары тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу өлшемшарттарын, сондай-ақ Рентабельділік деңгейін және ішкі рентабельділік нормасының деңгейін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 282 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Рентабельділік деңгейін және ішкі рентабельділік нормасының деңгейін айқындау қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.