«Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 5 маусымдағы № 298-VIII Конституциялық Заңы (қолданысқа енген жоқ)

Предыдущая страница

2. Қазақстан Халық Кеңесі заң жобаларын енгізу, өз өкілдерінің оның өкілеттігіне жатқызылған мәселелер бойынша тыңдауға, комитеттер мен жұмыс топтарының отырыстарына қатысуы, қоғамдық талқылау қорытындысы бойынша дайындалған қорытындылар мен ұсынымдарды Қазақстан Республикасының Құрылтайына жіберу арқылы Қазақстан Республикасының Құрылтайымен өзара іс-қимыл жасайды.

3. Қазақстан Халық Кеңесі тұрақты және уақытша комитеттердің, салалық комиссиялардың және жұмыс топтарының жұмысына орталық және жергілікті мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуы, ұсыныстар, сұрау салу енгізу және Қазақстан Халық Кеңесіне ақпарат пен талдамалық материалдар ұсыну, сондай-ақ Қазақстан Халық Кеңесінің қорытындылары мен ұсынымдарын жіберу арқылы орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды.

4. Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде Қазақстан Халық Кеңесімен өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз етуге және осы Конституциялық заңға сәйкес оның мақсаты мен міндеттерін іске асыруға жәрдемдесуге міндетті.

 

19-бап. Қоғамдық бірлестіктермен, өзге де коммерциялық емес ұйымдармен және азаматтармен өзара іс-қимыл жасау

1. Қазақстан Халық Кеңесі Қазақстан халқының мүдделерін білдіруді қамтамасыз ету және қоғамдық диалогқа жәрдемдесу мақсатында Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктерімен, өзге де коммерциялық емес ұйымдарымен және азаматтарымен өзара іс-қимыл жасайды.

2. Қазақстан Халық Кеңесі қоғамдық бірлестіктерді, өзге де коммерциялық емес ұйымдарды, сарапшылық және ғылыми қоғамдастықтарды, кәсіптік одақтарды, сондай-ақ жекелеген азаматтарды қоғамдық маңызы бар мәселелерді талқылауға, қоғамдық сараптама жүргізуге, талдамалық, консультативтік материалдарды, ұсыныстар мен ұсынымдарды дайындауға тартуға құқылы.

3. Қазақстан Халық Кеңесі өз өкілеттігінің мәселелері бойынша қоғамдық бірлестіктердің, өзге де коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстар, бастамалар және өтініштер беру мүмкіндігін Қазақстан Халық Кеңесінің Регламентінде белгіленген тәртіппен қамтамасыз етеді.

4. Қоғамдық бірлестіктермен, өзге де коммерциялық емес ұйымдармен және азаматтармен өзара іс-қимыл жасау Қазақстан Халық Кеңесіне, мемлекеттік органдарға шешімдер қабылдау бойынша міндеттемелер жүктемейді және мұндай өзара іс-қимылға қатысушылардың дербестігін шектемейді.

 

20-бап. Қазақстан Халық Кеңесінің қызметін іске асырудың өңірлік тетіктері

1. Қазақстан Халық Кеңесінің қызметі өңірлік деңгейде «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалыптастырылатын жергілікті деңгейдегі қоғамдық кеңестер арқылы қамтамасыз етіледі.

2. Жергілікті деңгейдегі қоғамдық кеңестер Қазақстан Халық Кеңесінің азаматтық қоғам институттарымен және халықпен диалогын және өзара іс-қимылын тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік деңгейінде қамтамасыз етеді.

3. Қоғамдық кеңестер өз құзыреті шегінде:

1) Қазақстан Халық Кеңесінің мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған қызметті жүзеге асыруға қатысады;

2) Қазақстан Халық Кеңесінің шешімдерін басшылыққа алады;

3) Қазақстан Халық Кеңесінің өкілеттігін іске асыру мәселелері бойынша ұсыныстарды Қазақстан Халық Кеңесіне енгізеді.

4. Қазақстан Халық Кеңесінің жергілікті деңгейдегі қоғамдық кеңестермен өзара іс-қимыл жасау тәртібі Қазақстан Халық Кеңесінің Регламентінде айқындалады.

 

21-бап. Қазақстан Халық Кеңесі мүшесінің әдеп нормалары

1. Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, осы Конституциялық заңды, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарын, сондай-ақ Қазақстан халқының мүдделеріне қызмет ету қағидатын басшылыққа алады.

2. Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі қоғамдық мүдделерге және өзінің мәртебесін жеке басының мақсаттарында, корпоративтік не өзге де жеке мақсаттарда пайдалануға жол бермеуге басымдық беруді негізге ала отырып, адал, тәуелсіз және бейтарап әрекет етуге міндетті.

3. Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі адамның және азаматтың құқықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтейді, қоғамдық маңызы бар мәселелерді қарау кезінде өзара құрмет, ашықтық және сындарлы диалог қағидаттарын сақтайды.

4. Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Қазақстан Халық Кеңесінің беделіне нұқсан келтіруге, қоғамның сенімін бұзуға ықпал ететін не Қазақстан Халық Кеңесінің мақсаты мен міндеттеріне қайшы келетін әрекеттер мен мәлімдемелерден бас тартады.

5. Қазақстан Халық Кеңесі мүшесінің әдеп нормаларын сақтамауы осы Конституциялық заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен жауаптылыққа алып келеді.

6. Қазақстан Халық Кеңесі мүшелерінің әдеп нормаларын сақтауын, сондай-ақ олардың өз міндеттерін тиісінше орындауын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері және қажет болған кезде азаматтық қоғамның өзге де өкілдері арасынан Қазақстан Халық Кеңесі Төралқасының шешімімен Қазақстан Халық Кеңесінің Регламентінде белгіленген тәртіппен Әдеп жөніндегі комиссия құрылады.

7. Әдеп жөніндегі комиссия шағымдарды, өтініштерді, әдеп нормаларын ықтимал бұзу фактілері, Қазақстан Халық Кеңесі мүшесінің өз міндеттерін тиісінше орындамауы туралы өзге де материалдарды қарау негізінде қорытынды мен ұсынымдар дайындайды және оларды Қазақстан Халық Кеңесінің Төралқасына жібереді.

8. Қазақстан Халық Кеңесі мүшесінің әдеп нормаларын бұзу фактілері не оның өз міндеттерін тиісінше орындамау фактілері анықталған жағдайда Қазақстан Халық Кеңесінің Төралқасы оның өкілеттігін тоқтату туралы ұсыныс енгізу жөнінде шешім қабылдауға құқылы.

 

22-бап. Қазақстан Халық Кеңесінің қызметін қамтамасыз ету

Қазақстан Халық Кеңесінің қызметін қаржылай қамтамасыз ету республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

 

23-бап. Осы Конституциялық заңды қолданысқа енгізу тәртібі

1. Осы Конституциялық заң 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

2. Осы Конституциялық заң қолданысқа енгізілген күннен бастап «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» 2008 жылғы 20 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп танылсын.

 

  

Қазақстан Республикасының

           Президенті

 

            Қ. ТОҚАЕВ

 

Астана, Акорда, 2026 жылғы 5 маусым

           № 298-VIII ҚРЗ