Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 112 бұйрығы
(2024.01.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2024 жылғы 11 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2024 ж. 30 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
ҚР Энергетика министрінің 2023.30.06. № 250 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 2 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 12) тармақшасына, 10-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына, 12-1-бабының 2-тармағына, 15-10-бабының 2, 3, 4, 5, 6, 10, 11, 12, 13, 16-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
ҚР Энергетика министрінің 2015.30.11. № 676 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2018.13.12. № 504 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Энергетика министрінің м.а. 2020.24.12. № 463 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда