«Тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарламаларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 24 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 651 бұйрығы (күші жойылды)

«Тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарламаларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 24 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 651 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 6 ақпандағы № 131 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарламаларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 24 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10284 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарламаны ұсыну қағидаларын бекіту туралы»;

Бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарламаны ұсыну қағидалары бекітілсін.»;

Осы бұйрықпен бекітілген Тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарламаларды ұсыну қағидаларына осы бұйрықтың қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді, сондай-ақ Республикалақ мемлекеттік кәсіпорын шаруашылық жүргізу құқылы «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің құқықтық ақпараттық орталығы» Эталондық бақылау банкте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актісін орналастырылуып;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.