«Тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарламаның нысанын, оны ұсыну қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 6 ақпандағы № 131 бұйрығы (күші жойылды)

Тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарламаның нысанын, оны ұсыну қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 6 ақпандағы № 131 бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 қазандағы № 616 бұйрығымен 2026 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 440-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарламаны ұсыну қағидалары және мерзімі;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарламаның нысаны бекітілсін.

2. Мыналар:

1) «Тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарламаны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 24 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10284 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 наурызда жарияланған);

2) «Тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарламаларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 24 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 651 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12703 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 26 қаңтарда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.