Тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарлама нысанын, оны мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 қазандағы № 616 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 514-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарламаны беру қағидалары мен мерзімдері;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарлама нысаны.
2. «Тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарлама нысанын, оны мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 6 ақпандағы № 131 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16406 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.