«Инженерлік- геологиялық іздестірулерді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026 жылғы 21 сәуірдегі № 192 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

Инженерлік- геологиялық іздестірулерді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026 жылғы 21 сәуірдегі № 192 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Құрылыс Кодексінің 24-бабының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Инженерлік- геологиялық іздестірулерді жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

2. Мыналардың:

1) «Инженерлік-геологиялық ізденістер қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 509 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді бекіту тізілімінде № 21338 болып тіркелген);

2) «Инженерлік-геологиялық ізденістер қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 10 ақпандағы № 87 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді бекіту тізілімінде № 31900 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық іcтepі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

 

 

Қазақстан Республикасы

Өнеркәсіп және құрылыс министрінің

міндетін атқарушы

 

 

К. Кажкенов

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Экология және табиғи

ресурстар министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Су ресурстары және

ирригация министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрлігі

 

Қазақстан Республикасы

Өнеркәсіп және құрылыс

министрінің міндетін атқарушы

2026 жылғы 21 сәуірдегі

№ 192 бұйрығымен бекітілген

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.