Нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 наурыздағы № 292 Қаулысы
(2020.24.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 25 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңының 18-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.