«Төтенше жағдай кезінде қосымша шаралар мен уақытша шектеулер қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қаңтардағы № 35 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 20 желтоқсандағы № 1040 Қаулысы

 «Төтенше жағдай кезінде қосымша шаралар мен уақытша шектеулер қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қаңтардағы № 35 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 20 желтоқсандағы № 1040 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Төтенше жағдай кезінде қосымша шаралар мен уақытша шектеулер қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қаңтардағы № 35 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Төтенше жағдай кезінде қосымша шаралар мен уақытша шектеулер қолдану қағидаларында:

2-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«8) жеке тұлғалардан қару мен оқ-дәрiні, улы заттарды уақытша алып қою, ал мемлекеттік органдарға, арнаулы мемлекеттік органдарға және құқық қорғау органдарына, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағыныстыларды қоспағанда, заңды тұлғалардан қарумен, оқ-дәрiмен және улы заттармен қатар жауынгерлiк және әскери оқу техникасын да, жарылғыш және радиоактивтi заттарды да уақытша алып қою көзделедi.»;

1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. Коменданттық сағатты енгізу тәртібі»;

3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«3-тарау. Баспа басылымдарының міндетті даналары мен радио- және телебағдарламалар материалдарын сұратып алу арқылы бұқаралық ақпарат құралдарын бақылауды жүзеге асыру тәртібі»;

4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«4-тарау. Төтенше жағдайды енгізуге негіз болған мән-жайларды жоюға кедергі келтіретін саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тоқтата тұру немесе тоқтату тәртібі»;

5-тарауда:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.