(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ...

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанынан Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобын құру туралы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 9 қыркүйектегі № 61/532 Қаулысы

 

Осы редакция 2025 жылғы 4 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

1. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 12-бабының 16-5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы туралы Ереженің 15-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанынан Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобы құрылсын.

2. Осы қаулының № 1 қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы жанындағы Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобы туралы Ереже;

Осы қаулының № 2 қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы жанындағы Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының құрамы бекітілсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі А. Г. Щегорцоваға жүктелсін.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясының

2022 жылғы 9 қыркүйектегі № 61/532

қаулысымен бекітілген № 1 қосымша

 

 

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы жанындағы Мүгедектігі бар адамдардың сайлау

 құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобы туралы

Ереже

1. Жалпы ережелер

 

1. Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі - Жұмыс тобы) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.