Ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырылған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасы мен жалдау төлемінің бөліктерін субсидиялау қағидалары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 2 маусымдағы № 400 Қаулысымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2024 жылғы 17 қыркүйектегі

№ 754 қаулысымен

бекітілген

 

 

Ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырылған кезде ислам банктерінің кірісін

құрайтын тауардың үстеме бағасы мен жалдау төлемінің бөліктерін субсидиялау

 қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасы мен жалдау төлемінің бөліктерін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі - Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидалары) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес әзірленді, ислам банктері/ислам лизингі компаниялары кәсіпкерлік субъектілеріне беретін қаржыландыру бойынша ислам банкінің/ислам лизингі компаниясының кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасы/жалдау төлемінің бөліктерін субсидиялаудың шарттары мен тетігін айқындайды.

2. Осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) айналым қаражатын толықтыру - кәсіпкердің мәлімделген қызметімен байланысты әрі салықтық міндеттемелерді, зейнетақылық және әлеуметтік аударымдарды, кедендік төлемдерді/алымдарды/баждарды төлеуге арналмаған кәсіпкерді қаржыландырудың нысаналы мақсаты;

2) ақпараттық жүйе - ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекетті іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып, ретке келтірілген жиынтығы;

3) банк-төлем агентi - қаржы агенттігімен келісілген және ислам лизингі компанияларының ислам лизингі шарттары бойынша субсидиялар сомаларын аудару мен есептен шығаруға арналған ислам лизингі компаниясының арнайы шотын жүргізу функцияларын жүзеге асыратын ислам лизингі компаниясының уәкілетті банкі;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.