Сейсмикалық аймақтарға бөлудің (аудандастырудың) әртүрлі ауқымды карталарын және сейсмикалық қауіп-қатер карталарын әзірлеу және қолдану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 380 бұйрығы
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-3-бабының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Сейсмикалық аймақтарға бөлудің (аудандастырудың) әртүрлі ауқымды карталарын және сейсмикалық қауіп-қатер карталарын әзірлеу және қолдану тәртібі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.