«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Формулярлық комиссиясының құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 22 сәуірдегі № 211 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 487 бұйрығы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 70-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 723 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Формулярлық комиссиясы туралы ережесінің 8 және 12-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Формулярлық комиссиясының құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 22 сәуірдегі № 211 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.