«Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрттерді сөндіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 107 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 28 тамыздағы № 375 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрттерді сөндіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 107 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10433 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 12-бабының 1-тармағының 64) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрттерді сөндіру қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Өрттерді байқаған кезде жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік өртке қарсы қызметке хабарлайды және өрттерді сөндіруге өртке қарсы ерікті құралымдардың, сондай-ақ «Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік өртке қарсы қызметі бөлімшелері жоқ елді мекендерге өрт сөндіру пункттерін құру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 746 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9928 болып тіркелген) сәйкес құрылған өрт сөндіру пункттерінің күштері мен құралдарын тартуды ұйымдастырады.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Өрт сөндіру басшысы:
1) өрт сөндіруге қатысатын тартылған өрт сөндіру күштері мен құралдарына жалпы басшылықты жүзеге асырады;